Жексенбі, 22 Қаңтар 2023 00:48

Түркістан: «Бизнестің жол картасы-2025» кәсіпкерлерге зор мүмкіндік ашып отыр

Қазақстанда шағын және орта бизнеске қолдау көрсету мақсатында жыл сайын түрлі шаралар ұйымдастырылып, бағдарламалар жасалады. Мәселен, шағын және орта бизнес қайтарымсыз грант алуға болады. Сондай бағдарламалардың бірі «Бизнестің жол картасы – 2025».

«TURKISTAN» Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының Арыс қалалық бөлімі мамандарының сүйемелдеуімен жеке кәсіпкер  Маликова Мәдина Мырзақұлқызы өз кісібін аталмыш бағдарлама арқылы дөңгелетіп отыр. Дәлірегі, ол екінші деңгейлі банк “ЦКБ” АҚ арқылы "Бизнестің жол картасы – 2025" бағдарламасының аясында несие алды. Ол қаржыға  ауыл шаруашылық техникасына қол жеткізген.  Несие 60 ай мерзімге қарастырылып, өтеу соммасының сыйақы мөлшерлемесі 23% оның пайыздық мөлшерлемесін жеңілдету яғни субсидиялауға қол жеткізу қарастырылды, демек оның 17 %- "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ-ы арқылы төленсе, қалған пайызы кәсіпкердің өтеуіне міндеттелді.

Бағдарлама бағыттары мен мақсаты: «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы үш негізгі бағыттан тұрады:

-   моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің бизнес-бастамаларын қолдау; - өз қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлерге / индустриалды-инновациялық қызмет субъектілеріне салалық қолдау экономиканың басым секторлары; кәсіпкерлікті қолдау үшін қаржылық емес шараларды ұсыну. Осы үш бағыт бойынша «ӨДҚ» АҚ индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган айқындаған, экономиканың басым секторларында инвестициялық жобаларды іске асыратын және жоспарлайтын кәсіпкерлер үшін «ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру» құралының операторы болып табылады. Бұл бағдарламаны ҚР Үкіметі 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 968 қаулысы бекіткен болатын. Басты мақсат: аймақтық кәсіпкерлікті дамыту, тұрақты жұмыс орындарын құру. 2020-2024 жылдар аралығында іске асырылатын бағдарлама тұрақты және теңгерімді қамтамасыз етеді. Кімдер қатысады? Үкімет бағдарламаға қатыса алмайтын бизнес өкілдерінің тізбегін жасаған. Олар: 1) заңға сәйкес тіркелген, автокөлік құралдарын шығару және жүзімнен шарап шығару, алкогольді медициналық препараттарды (бальзамдардан басқа) өндіруді жүзеге асыратын жобаларды қоспағанда, акцизделетін тауарлар / өнімдер өндірумен айналысатын кәсіпкерлер. Қазақстан Республикасы медицина ретінде; 2) қиыршық тасты және құм карьерлерін игеру жобаларын қоспағанда, тау-кен өндірісі және карьерлерді қазу саласында жобаны іске асыруды жоспарлап отырған кәсіпкерлер; 3) акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны қоспағанда) және (немесе) жанама түрде иелік ететін кәсіпкерлерге / индустриалды-инновациялық қызмет субъектілеріне; мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шарты бойынша құрылған кәсіпкерлер); 4) меншік нысаны жеке мекеме ретінде тіркелген кәсіпкерлер және коммерциялық емес ұйымдар. Бағдарламаға қатыса алатын тұлғалар: 1)шағын кәсіп иесі, оның ішінде кәсібін енді бастаушылар мен жас бизнесмендер; 2)әйелдер; 3)мүгедектігі бар азаматтар; 50 жастан асқан азаматтар. Бағдарламаның басты шарты мен несие мерзімі Бағдарламаның басты шарты: жоғарыда көрсетілген шартқа сәйкес келетін  сай келетін әр кәсіпкер іріктеуге бір инновациялық бизнес-жоба ұсынуы керек. «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасына ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 30 шілдедегі №491 қаулысымен өзгерістер енгізілді, құжат 2020 жылдың 26 тамызында жарияланды. «Атамекен» ҰКП кәсіпкерлердің өтініштері негізінде ҚР Ұлттық Экономика министрлігі алдында кәсіпкерлерге «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында берілген мерзімі 4 жылдан асып кеткен несиелерді қайта қаржыландыруға мүмкіндік беруді ұсынған болатын. Бұл ұсынысты ҚР Ұлттық экономика министрлігі қолдады. "Бизнестің жол картасы-2025" бағдарламасы бойынша несие көлемі 7 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды. Субсидиялау мерзімі 5 жылды құрайды.Бұған дейін мемлекеттік бағдарламаның шарттары бойынша кәсіпкерлерге мерзімі 4 жылдан аспайтын несиелерге қайта қаржыландыру мүмкіндігі берілетін. Енді Мемлекеттік бағдарламаға енгізілген өзгерістер негізінде кәсіпкерлер берілген мерзімі 8 жылдан аспайтын несиелерді қайта қаржыландыра алады. Жаңа өзгерістер кәсіпкерлерге несиелер бойынша қарыз ауыртпалығын жеңілдетуде тиімді қолдау шарасы болғаны анық. Бизнес өкілдері займдарға қызмет көрсету бойынша шарттарды жақсарту мақсатында екінші деңгейлі банктерге жүгіне алады. Айта кету керек, кәсіпкерлердің несиелері Мемлекеттік бағдарлама шарттарына сәйкес келуі керек.  2020 жылы тамыз айында енген өзгеріске сәйкес «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасының бірінші бағытының қатысушылары болып шағын және микрокәсіпкерлік субъектілері табылады. Несиелендіру, салалық шектеуі жоқ инвестициялық мақсатқа және қаражат айналымын толықтыруға арналған несие/микронесие/қаржыландыру бойынша іске асырылады. Сонымен қатар, қатысушыларға келесі құжаттар қажет:  1) "Атамекен" ҰКП-да "Бизнес мектеп", "Bastau Business", "Бизнес-Кеңесші", "Жас кәсіпкер" курстарынан өткені туралы сертификаттарының бірі;2) заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі болған жағдайда, бизнес-жоспар әзірлеуде көмек көрсетіледі.Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар алуға үміткер кәсіпкерлер Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне жүгінеді және келесі құжаттарды ұсынады:1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;;2) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің веб-порталында орналастырылатын мемлекеттік гранттар беру Қағидасының  2 қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік гранттар беру жөніндегі конкурстық іріктеуге қатысуға берілетін өтінім;3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің көшірмесі/жеке кәсіпкерді тіркеу туралы хабарлама;4) өтініш берген күнге дейін 30 күнтізбелік күннен кешіктірмей берілген бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешегінің жоғы туралы анықтама;5) өтінім беру сәтіндегі жалдамалы қызметкерлердің орташа саны туралы басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен расталған анықтама (бар болған жағдайда);6) мемлекеттік гранттар беру Қағидасының 3 қосымшасына сәйкес нысан бойынша бизнес-жоспар түрінде дайындалған бизнес-жоба;7) Бағдарлама және (немесе) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген нәтижелі жұмыспен қамтудың және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" Бағдарламасы шеңберінде кәсіпкердің оқудан өткенін растайтын, ескіру мерзімі 2 (екі) жылдан аспайтын құжаттың көшірмесі;8) ұсынылатын мемлекеттік грант көлемінің кемінде 10%-ы мөлшерінде бизнес-жобаны іске асыруға арналған шығындарды қоса қаржыландырудың (ақша қаражатымен, бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен) барын растайтын құжаттар, кәсіпкердің ағымдағы шотында ақша қаражатының бары туралы банктік шоттан үзінді көшірме немесе бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар (халықтың әлеуметтік осал топтарын қоспағанда);9) өтініш берушіде халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын мәртебесінің барын растайтын құжат.

Оқылды 260 рет