Сәрсенбі, 01 Ақпан 2023 14:39

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ

Түркістан облысының аудан, қалаларында көгалдандыру, балық шаруашылығын дамыту, полигондардың сапасын арттыру жұмыстары күшейтіліп, жұмыс жоспары бақылауға алынады. Осы бағытта Түркістан облысынан құрылған жұмысшы топ Түркістан, Кентау қалалары мен Сауран ауданына жұмыс сапарымен барып, жиын өткізді.Жиында басқарма басшысы облыс әкімінің тапсырмасы бойынша жауапты сала мамандары мен аудан, қала әкімдеріне осы бағыттағы жұмыстарды күшейтіп, көгалдандыру, балық шаруашылығын дамыту және полигондарды заңдастыру мәселесі шешілуі тиіс екенін айтып, тиісті жұмыстарды жандандыру керектігіне тоқталды. Сондай-ақ, балық шаруашылығын дамытамын деген кәсіпкерлерге қолдау көрсетілетінін жеткізді.– Облыс әкімінің тапсырмасын іске асыру мақсатында аудан, қала әкімдіктері кесіндісінде 2023-2025 жылдары жаңадан балық шаруашылықтарын ашу, іске асыру жоспары бекітіліп, жолданған еді. 2023 жылға бекітілген 6640 тонна тауарлы балық өндіру бойынша аудан, қала әкімдіктері кесіндісінде жоспар жасалып, орындау үшін жолданды. Бүгінде аталған жоспарларды орындау бағытында нақты жұмыстар жүргізіліп жатыр. Балық шаруашылығын дамыту мақсатында мемлекеттік қолдаулар көрсетіледі. Сондай-ақ, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, саланы дамыту үшін инвесторлар тарту жұмыстары жүргізілуде, – деді Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қайрат Абдуалиев.Мәжіліске аудан, қала әкімдері, сала мамандары және мекемеден аудан, қала әкімдіктерінің елді мекендерін көгалдандыру жұмыстарын үйлестіру, көшеттерді босату мен тасымалдауға бекітілген қызметкерлер қатысып, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар бойынша мәлімдеді. Сондай-ақ Түркістан қаласы мен Сауран ауданында қала айналасынан «Жасыл белдеу» құруға жер телімдерін бөлу мәселесі қаралып, алдағы уақытта нақты шешім қабылданатыны қаралды. Сонымен қоса, кәсіпкерлер тарапынан қойылған сауалдарға басқарма басшысы жауап берді.Айта кетейік, облыс әкімінің бастамасымен Түркістанда 2019-2022 жылдары қала айналасынан 7700 гектар жерге «Жасыл белдеу» құру жоспарланған. Бүгінгі таңда барлығы 13 629 гектар жерге көшеттер егіліп, күтіп-бапталуда.Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың соңығы айында облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппараттың апталық отырыста"Түркістан облысы бойынша әр жылға арналған балық өсіру көлемі жоспарын қайтадан қарап шығуды тапсырамын. Бұл бағытта жұмысты ширатып, балық өнімі көлемін арттыруға мүмкіндік бар деп ойлаймын. Әсіресе экспорттық әлеуетті көтеруге басымдық берген жөн. Жауапты басқармалар балық шаруашылығына инвестиция тарту, осы бағытта жұмыс істеймін дейтін өзіміздің кәсіпкерлерге қолдау көрсетуді күшейтсін. Сіздер кәсіпкерлердің жағдайын түсініп, оларға қолайлы мүмкіндік ұсынуларыңыз керек. Екіншіден, балық шаруашылығын жүргізу үшін бекітіліп берілген 91 су айдынын қайтадан талдап, зерделеңіздер. Әр аудан, қалаға, кәсіпкерге индикатор бекітіліп, оның орындалуы қадағалануы тиіс. Егер су айдынын тиімді пайдаланбаса, басқа азаматтарға беру қажет", - деді Дархан Сатыбалды.Құзырлы мекемедегілер:  "Балық шаруашылығын дамытудың өңірлік бағдарламасы" бекітілген. Бағдарламаға сәйкес, Түркістан облысында 2030 жылға дейін тауарлы балық өсіру көлемін 20 мың тоннаға жеткізу жоспарланса, 2022 жылға жоспар – 6,1 мың тонна. 10 айда орындалғаны – 5 мың тонна. Жоспар жыл соңына дейін толық орындалады деп күтіліп отыр деп есеп берген болатын.Қазіргі таңда облыс аумағында 126 жергілікті маңызы бар су айдыны тіркелген, оның ішінде балық шаруашылығын жүргізуге жарамдысы 104 бірлік болса, 91 су айдыны балық шаруашылығын жүргізу үшін бекітіліп берілген.Балықты жасанды жолмен өсіру бойынша облыста 2020 жылы – 5,2 мың тонна, 2021 жылы – 5,7 мың тонна, 2022 жылдың 10 айда 5,1 мың тонна (жоспар 6,1 мың тонна) тауарлы балық өндіріліп, өсім 8,5 %-ды құрады. Бұл – республика бойынша ең жоғарғы көрсеткіш.Бағдарламада облыс бойынша 2030 жылға дейін 53 тоғандық балық өндіретін шаруашылық құру, 11 шарбақтық шаруашылық, 4 сумен қамтамасыз ету циклі тұйықталған балық өсіру шаруашылығын құру және 71 көлде тауарлы балық өндіру шаруашылықтарын құру көзделген. 2023 жылы балық шаруашылығын субсидиялауға 500 млн. теңге жоспарланған. Қажеттілікке байланысты қаржы көлемін арттыру бойынша қосымша ұсыныстар енгізілмек.Айта кетейік, Түркістан облысы жасанды балық өсіру бойынша елімізде көш бастап тұр.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлауынша, обылыста тауарлы балық өсіруге жарамды 134 өзен — көл бар. Оның ішінде 88 жергілікті маңызы бар су айдыны балық шаруашылығы мақсатында табиғат пайдаланушыларға берілген. Қосымша 46 жергілікті маңызы бар су айдыны қайта конкурсқа қойылып, осы жылдың 2-жарты жылдығына дейін толығымен бекітілетін болады.Бүгінгі таңда өңірде балық шаруашылығымен қуаттылығы жылына 8 мың тоннадан асатын 133 кәсіпорын айналысады. Оның ішінде үш ірі кәсіпорын — Шардара ауданындағы «Хамит» СТК, Сайрам ауданындағы «Көмеш балық» ЖШС және Түлкібас ауданындағы «First fish company» ЖШС бар.Сондай-ақ, мемлекет тарапынан акваөсіруге пайдаланылатын азықты сатып алуға жұмсалатын шығындардың 30 пайызын субсидиялау бағдарламасы балық шаруашылығын дамытуға оңды ықпалын тигізуде.Сарапшылар Түркістан облысындағы жасанды балық өсіру саласының жоғары әлеуетін атап өтті. Бұдан басқа, мемлекет тарапынан акваөсіруге пайдаланылатын азықты сатып алуға жұмсалатын шығындардың 30 пайызын субсидиялау бағдарламасы балық шаруашылығын дамытуға оңды ықпалын тигізуде.Айта кету керек, өңірдің тауар өндірушілері жоспарланған 1 600 тонна балық өнімінің 2020 жылы Әзербайжан, Грузия, Израиль, Ресей, Қытай және Өзбекстанға 2801,7 тонна балық экспорттап, жоспарды артығымен орындады.

 

 

Оқылды 1209 рет