Созақ ауданының орталығында өткен бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде 86 азамат жұмыспен қамтылды
Бүгін Созақ ауданының орталығында азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Ашық аспан астында ұйымдастырылған іс-шараны аудан әкімінің орынбасары Серік Маманов ашып, жәрмеңкенің негізгі мақсаты жұмыссыз азаматтарға тұрақты жұмыс ұсыну және жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілер арасында тікелей байланыс орнату екенін атап өтті.