"Ассамблея жастары" - жалпыұлттық бірегейлікті дәріптеуде алдыңғы сапта болуы тиіс
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ҚХА хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов Шымкент қаласына жасаған жұмыс сапары аясында Достық үйінде жаңғыртудан өткен этномұражайды аралап, жергілікті этнос өкілдерінің қолдауымен жиналған жәдігерлермен танысты. Жалпыұлттық бірлікті бекемдеуде мәдени мұраның алар орны ерекше екенін атап өтті.