Шымкент: Әл-Фараби ауданында тұрғын үй аулаларын абаттандыру мен демалыс орындарын ұлғайту көзделген
Әл-Фараби ауданының аумағы 19 880 гектарды құрайды, халық саны 234 857 адамды құрайды. Аудан әкімінің мәліметінше, ауданда 928 көпқабатты тұрғын үй 623 аулаға біріктірілген, 16 633 жеке үй, 6 саябақ, 16 гүлзар, 20 ескерткіш және 12 субұрқақ бар. Бұл туралы бүгін брифингте Әл-Фараби ауданының әкімі Мыңбаев Рашид Мамытұлы баяндады.