Сейсенбі, 08 Қазан 2024 11:56

Қырғыз күресі – Алыш

"Аq-qara.kz" сайт "Спорт-денсаулық кепілі" жобасын бастады. Негізгі мақсат-елімізде және Шымкентте бұқаралық спортты дамыту және насихаттау. Әр шығарылымда біз көптеген адамдарға ыңғайлы спорт туралы жазамыз. Сарапшылар ретінде табыстың шыңына жеткен танымал Чемпиондар, әуесқой спортшылар таңдалады. 

Бұл мақалада біз V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы қырғыздың ұлттық белбеу күресі  «Алыш» туралы жаздық.    

 

Алыш. Шымкенттік Ракиш Арайлым 3 орын иегері. 

Қазақстандық спортшылардан ерлер арасында 60 келі салмақ дәрежесінде Тұрмаханбек Қалмұқан және 100 келі салмақ дәрежесінде Бекбол Нұрланұлы күміс жүлде жеңіп алды.

Нұржан Сәрсенғалиев (70 келі) пен Нұрдәулет Жарылғапов (+100 келі) қола жүлдеге қол жеткізді. Ал, әйелдер арасында 75 келіде отандасымыз Перизат Жақыпбекова күміс жүлдеге ие болса, 55 келіде Назерке Әбілтаева, 60 келіде Арайлым Ракиш және 65 келіде Айнұр Ақжігітова қола медальға ие болды.

Алыш – ұлттық белбеу күресі (Қырғыз Республикасы). Балуандар көгілдір және жасыл түсті арнайы киім киеді, шалбар ақ, белбеу қызыл. Бастапқы қалыпта спортшының басы қарсыласының иығында жатады, ал қарсыласының аяқтарының қимылдарын қолының астынан бақылайды. Балуандар алға иіліп, оң қолымен қарсыласының бел тұсынан, ал сол қолын оң қолының үстінен өткізіп, қарсыласының белбеуін ұстайды. Жекпе-жек тек тік тұрған күйде өтеді. Әр балуанның мақсаты – белбеуін жібермей, қарсыласын жауырынына жығу.

Команда құрамында: 12 спортшы (6 ер және 6 әйел), 2 бапкер, 2 команда жетекшісі, 1 төреші.

Алыш белбеу күресінен жарысқа 18 жастан асқан спортшылар жіберіледі.

Жарыстар ерлер арасында классикалық стильде, әйелдер арасында еркін өтеді.

Барлық салмақ категорияларында бір қатысушы елден 1 спортшы жіберіледі.

Салмақ дәрежелері:

•ерлер арасында (классикалық стиль): 60 келіге дейін, 70 келіге дейін, 80 келіге дейін, 90 келіге дейін, 100 келіге дейін, +100 келі;

•әйелдер арасында (еркін): 55 келіге дейін, 60 келіге дейін, 65 келіге дейін, 70 келіге дейін, 75 келіге дейін, +75 келіге дейін.

Жарыстар Дүниежүзілік «Алыш» федерациясының ережесі бойынша өтеді.

Оқылды 32 рет