Жалпы қан анализінен нені білуге болады?
№5 Шымкент қалалық емханасының жалпы тәжірибелік дәрігері Айман Пашанова түсіндіреді.Денсаулық жағдайын бақылау үшін ең жиі тағайындалатын зерттеулердің бірі – жалпы қан анализі. Көптеген адамдар бұл талдауды тек ауру кезінде тапсырады деп ойлайды. Алайда жалпы қан анализі (ЖҚА) ағзадағы көптеген өзгерістер туралы маңызды ақпарат беретін қарапайым әрі қолжетімді зерттеу әдістерінің бірі болып табылады.