Түркістан облысы: Дархан Сатыбалды Кентау жылу орталығындағы ауқымды жөндеу барысын бақылауға барды
Кентау ЖЭО-да ауқымды жөндеу барысын бақылаған Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жауапты мердігерлермен жолығып, жұмыс барысын пысықтады. Керек қондырғыларды жеткізуші шетелдік компания жетекшілерімен байланысып, мән-жайды нақтылады. Кеншілер шаһарына арнайы барған облыс әкімі мердігерлерге маңызды істі аса жауапкершілікпен атқаруды тапсырды. Жылу көздерін қайта құрылымдау кестеге сәйкес жүргізілуде. Жөндеу жұмыстарының барысы облыс әкімінің тікелей бақылауында.