Түркістан облысында жаңа зауыттардың қатары көбейе түспек

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров төрағалығымен Инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті. Штаб отырысына облыс әкімінің орынбасарлары, аудан-қала әкімдері, басқарма басшылары мен шетелдік және отандық инвесторлар қатысты. Күн тәртібінде 2026 жылы іске асырылуы жоспарланған инвестициялық жобалар таныстырылып, өңірлердегі инвестициялық жұмыстардың нәтижелері талқыланды.

Түркістанда саммит қорытындысы мен өңір экономикасы кеңінен талқыланды

Түркістандағы жаңа этно-туристік кешенде келелі басқосу өтті. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров өңірдің зиялы қауым өкілдерімен, кәсіпкерлерімен, жастарымен және белсенді азаматтарымен кездесті. Алқалы жиын барысында облыс басшысы Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының бейресми саммиті жоғары деңгейде өткеніне байланысты Ел Президентінің облыс халқына деген алғысын жеткізіп, өңірдің дамуы үшін аянбай еңбек етіп жүрген азаматтарға ризашылығын білдірді. Сонымен қатар саммит қорытындысына тоқталып, өңірдің инвестициялық әлеуеті мен экономикалық мүмкіндіктері жөнінде баяндады.

Түркістанда мәдениет қызметкерлері тазалық акциясын өткізді

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті мен Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қаласының сазды-драма театры бірлесіп, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында және 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күні қарсаңында тағылымды тазалық шарасын ұйымдастырды.

Түркістан облысы: республикалық «Түркістан мақамдары» термешілер байқауы өз мәресіне жетті

Отырар аудандық мәдениет сарайында республикалық «Түркістан мақамдары» термешілер байқауы жоғары деңгейде өтті. Елдің түкпір-түкпірінен келген жыршы-термешілер ұлттық өнерді дәріптеп, сөз құдіретін насихаттады.

Түркістан облысының жылыжайлары маусымаралық кезеңде ел сұранысының 45 пайызын қамтамасыз етеді

Түркістан облысы жылыжай шаруашылығын дамыту бойынша республикадағы жетекші өңір. Бүгінде еліміздегі жылыжайлардың 72 пайызы облыс аумағында орналасқан. Өңірде жалпы аумағы 1 006,7 гектарды құрайтын 3 366 жылыжай жұмыс істейді. Оның ішінде, жалпы көлемі 62,5 гектар болатын 17 өнеркәсіптік үлгідегі жылыжай және 944,2 гектар аумақты қамтитын 3 503 фермерлік жылыжай бар.

МӘМС: Шымкентте балаларға 1700-ге жуық ортодонтиялық қызмет көрсетілді

Шымкентте өткен жылы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында балаларға 1700-ге жуық ортодонтиялық көмек көрсетілген. Бұл қызмет түрі жақ-бет аумағының туа біткен патологиялары бар балаларға, сондай-ақ тіс-жақ аномалияларын түзету үшін 6 жастан 12 жасқа дейінгі атаулы әлеуметтік көмек алатын аз қамтылған отбасы балаларына тегін ұсынылады.

Түркістан қаласында мемлекеттік қызметшілер күніне арналған облыстық спартакиада басталды

Түркістанда 23 маусым – мемлекеттік қызметшілер күніне орай облыстық спартакиада басталды. Дәстүрлі спорттық додаға 1000-ға жуық мемлекеттік қызметші қатысып жатыр.  Спорттық сайыстың ашылуында облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров шетелдік инвесторлармен келіссөз жүргізді

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров шетелдік инвесторларды қабылдап, келіссөз жүргізді. Өңір басшысы инвесторларға облыстың инвестициялық әлеуеті туралы баяндап, бірлесе жұмыс істеуге шақырды.

Түркістан облысы: кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті

Арыс қаласы әкімдігінің кіші мәжіліс залында қала әкімінің орынбасары Алмаз Сұлтановтың төрағалығымен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиын барысында екі негізгі мәселе қаралды. Атап айтқанда, жазғы демалыс кезеңінде мектеп оқушыларының сауықтыру лагерьлерімен қамтылуы және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары, сондай-ақ жазғы шомылу маусымында кәмелетке толмағандардың судағы қауіпсіздігін сақтау мәселелері талқыланды.