Түркістан облысы: Отырар ауданында халыққа құқықтық және қаржылық кеңес берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында заң үстемдігі мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – елдің тұрақты дамуының басты кепілі екенін атап өткен болатын. Осы бағыттағы жүйелі жұмыстар аясында Отырар ауданында тұрғындардың құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыруға арналған мазмұнды семинар-кездесу ұйымдастырылды.