Биылғы жылдың 1 тамызынан бастап бүгінге дейін 49 отбасы қайтарымсыз негіздегі тұрғын үй сертификаты арқылы баспаналы болды. Әлеуметтік көмекті алушылар қатарында 16 отбасы - 1,2 топ мүгедектігі бар азаматтар, 9-ерекше бала асыраушы отбасылар, 3-жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған азаматтар, 11- көпбалалы отбасылар, 4-толық емес отбасылар, 6- бюджеттік мекеме қызметкерлері бар. Азаматтар Отбасы банк арқылы мемлекеттік бағдарлама аясында несиелік негізде пәтер рәсімдеу барысында оның алғашқы жарнасының бір бөлігін 1 млн. теңгеге дейінгі тұрғын үй сертификаты арқылы жабу мүмкіндігіне ие болған.