Түркістан қаласында «Ел бақыты – еңбек пен бірлікте» тақырыбында Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХVI сессиясы өтті. Cессияға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Ассамблея хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов, Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшелері, облыстық мәслихат депутаттары, облыстық басқармалар мен құқық қорғау органдарының басшылары, зиялы қауым, аудан, қала әкімдері, Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылымдары мен этномәдени бірлестіктердің жетекшілері және мүшелері, жастар ұйымдары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.