Түркістан облысы: Оңтүстік Корея мемлекетімен келіссөздер жүргізіліп, бірқатар инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарлануда

Түркістан облысында инвестициялық ахуалды жақсарту мақсатында Оңтүстік Корея мемлекетімен келіссөздер жүргізіліп, бірқатар жобаларды іске асыру жоспарлануда. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды таяуда Астана қаласында Кореяның Вусонг білім беру қорының төрағасы Ким Джон Хёнмен арнайы кездесіп, келіссөз жүргізді.

Түркістан облысында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету жүйелі жүргізіліп жатыр

Түркістан облысы бойынша басқармаға қарасты 12 коммуналдық мемлекеттік қызмет көрсететін орталық, мүгедектігі бар адамдарға және қарт азаматтарға мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетіп келеді.

Созақ ауданы: мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша қоғамдық қабылдау өтті

Мемлекеттік органдардың ашықтығын көрсету мен халық қажеттіліктерін қанағаттандыру, заң шеңберінде тиісті уәкілетті органдар арқылы мәселелерді шешу және жүгінген азаматтарға құқықтық көмек ұсыну мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ АҚТО бойынша филиалы Созақ аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының ғимаратында аудан тұрғындарына мемлекеттік көрсетілетін қызмет саласы бойынша қоғамдық қабылдау өтті. Аталған шараға Созақ ауданы әкімдігінің мемлекеттік қызмет көрсету саласына жауапты дербес бөлім қызметкерлері қатыстырылды.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысатын жылқылар белгілі болды

Павлодар қаласында бәйгеден ҚР чемпионатының 8-кезеңі әрі осы күзде Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына іріктеу өтті. Дүбірлі додаға еліміздің барлық өңірінен 90-нан астам тұлпар қатысты.

Түркістан облысы: Кентауда 60 адамды жұмыспен қамтитын жаңа сауықтыру лагері іске қосылды

Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылында «URKER» жазғы сауықтыру лагері іске қосылды. Жоба құны 400 млн теңге болатын кешенде 60-қа жуық адам жұмыспен қамтылады. Демалыс аймағының ашылу салтанатына қатысқан Кентау қаласы әкімінің орынбасары Ғалымжан Төлепов тұрғындарды құттықтап, балаларға жазғы демалысты жақсы өткізуге тілектестігін білдірді.

Түркістан облысында 271 мың гектар жер шегіртке зиянкестеріне қарсы өңдеуден өткізілген

Түркістан облысына жұмыс сапары барысында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров шегірткелерге қарсы күрес пен шаруашылықтарды сақтау мақсатында министрлік тарапынан қабылданып жатқан шаралар туралы хабарлады.

Түркістан облысында этномедиацияны дамытуға арналған семинар-тренинг өткізілді

Түркістан қаласындағы «Ұлы Дала Елі» орталығында «Этносаралық ортада қақтығыс көріністерінен бас тартуға бағытталған әлеуметтік қатынастарды дамыту арқылы медиация институтын дамыту» тақырыбында үш күндік семинар-тренинг өткізілді.

Түркістан облысы: Кентау қаласында көпқабатты екі тұрған үйдің құрылысы басталды

Түркістан облысындағы аудан, қала тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету бағытында жұмыстар жалғасуда. Кентау қаласында қала тұрғындарын тұрғын үймен қамту мақсатында 2 үйдің құрылысы басталды. Аталған нысанның құрылысы қаладағы Ш.Уәлиханов көшесінде жүргізіліп жатыр. Мердігер мекеме – «Сами Строим» ЖШС. Көпқабатты тұрғын үйлер жеке инвестор есебінен салынуда.

Биыл «Серпін-2050» бағдарламасымен 4000 түлек жоғары оқу орындарына түсе алады

2014 жылы іске қосылған «Серпін-2050» бағдарламасы он жыл ішінде талай жастың жоғарғы оқу орнына түсуіне септігін тигізген ауқымды жоба. Биылғы жылы да еліміздің халқы тығыз орналасқан оңтүстік өңірлерінен солтүстіктегі облыстарға білім аламын деушілерге 4 мың грант бөлініп отыр.