Түркістан облысы: Мақтаарал ауданында 39 елді мекеннің бас жоспары әзірленіп жатыр

Мақтаарал ауданында 2 кент пен 67 елді мекен орналасқан. Ауданды құрылыстың ордасына айналдырып, абаттандыру жұмыстарын жүргізу үшін әрбір елді мекенге бас жоспар керек екені белгілі.

2018 жылғы дейін аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі тарапынан 2 кент және 28 елді мекен оңайлатылған бас жоспармен қамтылған болатын. Ал биыл қалған елді мекендердің барлығын бас жоспармен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен қаржы қарастырылып, барлығы 39 елді мекеннің бас жоспарын әзірлеу жұмыстары жүруде.

Мырзакент кентінің аумағын ұлғайтуға арналған 160 гектар жер теліміне және Жамбыл ауылдық округіне қарасты Жамбыл елді мекенннің аумағындағы "Атамекен" кеден бекеті маңындағы 45 гектар жер телімдеріне де егжей-тегжей жоспарлау жобасы жасалынып жатыр.

Ауданның сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі Мырзакент кенті Қожанов көшесі бойын көгалдандыру, абаттандыру және жарықтандыру бойынша эскиздік жобасын дайындаған. Сонымен қатар Мырзакент кентіндегі орталық аллея, аудандық мәдениет үйі, орталық саябақ, "Жеңіс" алаңына және Жаңа жол а/о, Ақжол елді мекені Қазыбек би көшелерін абаттандыру, жарықтандару үшін эскиздік жобалар әзірленіп, аудан әкімдігіне ұсынған болатын.Бүгінгі таңда осы жобалар бойынша абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр.

«AQ-QARA.kz»-ақпарат.

Түркістан облысы: Мақтаарал ауданында отбасылық әлеуметтік сауда кешені ашылды

Елорда күні қарсаңында Мақтаарал ауданының Атакент кентінде отбасылық әлеуметтік сауда кешені ашылды. Ендігі уақытта аудандағы еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін отандық және Түркия елінің сапасы жоғары киім-кешектері мен басқа да өнімдерін 10-15% арзан бағамен сатып ала алады. 

Түркістан облысы: Мақтаарал ауданында әдеп жөнінде семинар-кеңес өтті

Түркістан облысы әкімінің Әдеп жөніндегі уәкілі Әмірдин Әлішев Мақтаарал ауданына арнайы іссапармен келіп, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерімен семинар-кеңес өткізді. Ондағы мақсат – Әдеп кодексі заңнамаларын сақтау және мемлекеттік қызметтің оң бейнесін қалыптастыру мақсатында пікір алмасу. 

Түркістан облысынан 8 оқушы 100 жеңімпаз қатарына қосылды

Алғашқы рет елордада 14 облыстың 162 ауданынан 703 үздік 9-сынып оқушыларының қатысуымен «IQanat» республикалық ауылдық мектеп оқушыларының слеті ағымдағы жылдың 1-5 шілде аралығында Назарбаев Университетінде өтіп жатыр. Қатысушылардың барлығы - «IQanat» республикалық олимпиадасының аудандық, облыстық кезеңдерінің жеңімпаздары. 

Түркістан облысы: Мақтаарал ауданында кәсіпкерлер қаржыландырылып жатыр

Наурыз айынан бері ауданда «Бастау Бизнес» бағыты бойынша 120 азамат оқытылып, куәлік алыпты. Бәріөз кәсіптерін бастауға дайын. Мақтаарал ауданында «Бастау Бизнес» жобасы аясында 30 жоба қаржыландырылған. 

Түркістан облысы: Мақтаарал ауданында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің» жәрмеңкесі өткізілді

Мақтаарал ауданы әкімдігі мен «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ АҚ-ның «Халықа қызмет көрсету орталығының» Мақтаарал аудандық бөлімінің бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес, әкімдік қызметкерлері мен ХҚКО мамандары кешегі сәрсенбіде Мырзакент кентіндегі «Мәдениет үйінде», 27 маусым күні Атакент кентіндегі Атакент кенті әкімі аппаратының ғимаратында, 28 маусым күні орталық базар аумағында халық жиналатын орындарында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жәрмеңкесі өткізілді. Іс-шара барысында қызметтерді электронды үкіметтің «Egov.kz» порталы арқылы және «EgovKzBotTelegram» арқылы алу жолдары насихатталды. 

Түркістан облысы: Мақтаарал ауданының білім бөліміне жаңа басшы тағайындалды

ҚР-ның "Еңбек" кодексінің 30, 33, 34-баптарына, ҚР-ның "Қазақстан Республикасындағы Қазақстан жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" заңының 33, 37-баптарына, ҚР-ның "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы” Заңының 19, 28-баптарына сәйкес, аудан әкімі Бақыт Асановтың өкімімен Серикбаев Муратбек Тулапович Мақтаарал ауданының білім бөлімінің басшысы мемлекеттік әкімшілік лауазымына тағайындалды. 

Түркістан облысы: Мақтаарал ауданында ПУИД-2 жобасы бойынша құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр

Суармалы жер мемлекетіміздің алтын қоры десек, «ақ алтынымен» танымал Мақтаарал ауданына қарасты 61 мың гектарға жуық егістік алқаптың барлығы да суармалы жер екені белгілі. Соңғы жылдары жер асты суларының тез көтерілуі жердің сорлануына алып барып, аудан шаруаларының мол өнім алуына кедергі келтіріп жүргені үлкен мәселеге айналған еді. Одан қалса, коллекторлық жүйелердің тазаланбауы, каналдар мен арық-атыз бетондарының шіруі немесе мүлде болмауы егістік алқаптарына су жеткізуді қиындата түсті. Міне, мәселені шешу үшін мемлекетіміз қыруар қаржы бөліп, ПУИД-2 жобасының І кезеңін жүзеге асыруды бастап та кетті. 

Осы RSS каналға жазылу