Шымкент: АПВ қарсы қыздарды жаппай вакцинациялау басталды
Қазан айының басынан бастап Қазақстанда жатыр мойны обырының негізгі себебі болып саналатын адам папилломавирусына (АПВ) қарсы қыздарды жаппай вакцинациялау басталған еді. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта ел бойынша 57 мыңнан астам қыз бала АПВ-ға қарсы вакцина алған.