Shymkent Creative Hub креативті орталығы жаңа идеяларды іске асыруға көмектеседі
Шымкентте креативті индустрияны қолдауға бағытталған тың жоба – Shymkent Creative Hub креативті орталығы бар. Кеңістік қаладағы шығармашылықпен айналысатын мамандарды бір арнаға тоғыстырып, олардың кәсіби дамуына, идеяларын жүзеге асыруына және табыс көзін кеңейтуіне мүмкіндік береді.