Түркістан облысы: Мақтааралда мақта егу науқаны бастау алды
Биыл Түркістан облысы Мақтаарал ауданында көктемгі дала жұмыстары қарқынды жүргізіліп, мақта егу науқаны басталды. Ауданда мақтаны егу жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр. Қазіргі таңда аудан бойынша 1494 гектар аумаққа мақта шиті себілді. Жалпы Мақтаарал ауданында 60 мың гектардан астам егістік жер бар. Бүгінгі күнге дейін оның 20 мың гектарға жуығы тырмаланып, 14 мың гектары шыжылданған. Бұл алқаптар толықтай мақта егуге дайын күйге келтірілген. Ауа райының қолайлы жағдайына байланысты егіс жұмыстары алдағы күндері қарқын ала түседі деп күтілуде.