Шымкент әкімі Корея Республикасының Алматы қаласындағы бас консулымен кездесті

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғ.Сыздықбеков Корея Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Ха Тэ Ук мырзамен кездесті. Әкім оны жақында дипломатиялық қызметке тағайындалуымен құттықтап, Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы сенімге, өзара құрмет пен көпжылдық достыққа негізделген жоғары деңгейдегі ынтымақтастықты атап өтті.

Ордабасы ауданы: «Рамазан-Агро» ЖШС – жылына 35 000 тоннаға дейін мақта талшығын өндіруде

Ордабасы ауданының ауыл шаруашылығы саласында тұрақты жұмыс жүргізіп келе жатқан ірі кәсіпорындардың бірі Төрткүл ауылындағы «Рамазан-Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Бұл шаруашылық 2009 жылы құрылып, егін шаруашылығымен айналысып келеді. Компанияның негізгі бағыты – суармалы жерлерде мақта егу және оны өңдеу арқылы ішкі және сыртқы нарыққа жоғары сапалы өнім ұсыну.

Ордабасылық делегацияның сапары – экономикалық серіктестіктің серпіні

Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаевтың жетекшілігімен Қытай Халық Республикасының Таншань қаласына делегация барды. Сапардың негізгі мақсаты – екіжақты экономикалық, инвестициялық ынтымақтастықты нығайту, тәжірибе алмасу және жаңа серіктестік бағыттарды айқындау болды.

Сауран мен Сауан қалаларының кәсіпкерлері ынтымақтастық және тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады

Қытай Халық Республикасының Сауан қаласында Түркістан облысы Сауран ауданынан келген делегация қатысқан жұмыс кездесуі өтті. Шараның басты мақсаты - өндіріс, ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу салаларындағы серіктестікті кеңейту, сондай-ақ өзара тәжірибе алмасу бағыттарын нақтылау. Сапар барысында саурандық өкілдер Сауан қаласындағы бірқатар кәсіпорындарды аралап, жергілікті кәсіпкерлермен келіссөздер жүргізді.

Түркістан облысын сапалы электрмен қамту жобалары талқыға түсті

Түркістан облысы қарқынды дамып келеді. Инфрақұрылым, соның ішінде электрмен қамту жүйелері де заманауи талаптарға сай болуы тиіс. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-ның басшылығымен кездесіп, өңірді электр энергиямен қамту бағытындағы жобаларды талқылады.