Бұл туралы Шымкент қаласы Абай ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Нұрлан Тілеш ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте хабарлады. Ол атқарылған жұмыстар және ауданның одан әрі даму жоспарлары туралы айтып берді. Абай ауданының жалпы ауданы 24 мың га құрайды. Xалық саны-257,7 мың адам. Аудан аумағында 27 шағын аудан мен елді мекен орналасқан. Абай ауданында 202 көпқабатты үй, 1 274 көше, 93 әлеуметтік нысан бар. Баспасөз мәслихатында тұрғындарды ауыз сумен, сапалы электрмен, табиғи газбен, кәрізбен қамтамасыз ету үшін жүргізіліп жатқан ауқымды жұмыстарға талдау жасалды. Ауданның 27 елді мекенінің 26-сы сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген (96,2%). 27 елді мекеннің 25-і электр жарығымен қамтамасыз етілген (92,5%). Ал қалған екі елді мекен жеке трансформаторларды пайдаланады. Сондай-ақ, 27 елді мекеннің 20-сы сапалы газды тұтынады (74,1%). Қалған 7 елді мекен қатты отынды пайдаланады. Көкбұлақ, Батыс, арғымақ, Ақжар, Ақтас, Ақтас-2, Нұршуақ елді мекендеріне газ құбырын салу жұмыстары басталды, олардың бір бөлігі жыл соңында аяқталады, ал кейбіреулері келесі жылға көшеді. Жоспарға сәйкес, жыл соңына дейін 257 мыңнан астам халқы бар аудан ауыз сумен, сапалы электр энергиясымен толық қамтамасыз етіледі. Абай ауданына әлеуметтік маңызы бар денсаулық сақтау нысандары да қажет. Ауданда әзірге 18 емдеу мекемесі жұмыс істейді. Оның 11-і жеке, қалғандары мемлекеттік. Бірақ бұл жеткіліксіз. 2023-2024 жылдары жеке инвесторлар Ынтымақ шағын ауданының №14 емдеу орталығының филиалын салуға ниетті. Сондай – ақ, Қайнарбұлақ тұрғын алабында емхана салу жоспарлануда", - дейді Нұрлан Тілеш. Ауданда мектеп тапшылығын жою үшін 2023-2025 жылдары "жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында жеті заманауи оқу орны салынады. Қазір аудандағы мектептердің жалпы саны - 29, ал жекеменшік мектептердің саны - 16. 2023-2024 жылдары төрт мектеп салу жоспарлануда. 2024-2025 жылдары үш мектеп салынады. Аудан аумағында тұрақты негізде санитарлық жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі таңда аудан аумағы 7 секторға бөлінген. Әр секторға тазалыққа жауапты мамандар бекітілді. Тазалау ауданның ішкі орамдық көшелері бар көп қабатты тұрғын үйлердің аулаларында жүргізіледі. Тазалауды "Шымкентспец комплект" ЖШС және "Sana Global"ЖШС орындайды. Тазалауға 23 бірлік техника, 210 адам жұмылдырылды. Биыл ауданда 57 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Абай ауданының аумағындағы көшелер саны-1 274 және 1 080,1 км.573 км (48,5%) - асфальтталған жолдар; тас жолдар - 450,2 км (25,7%); қара жолдар - 57 километр (2,8%). Аудандағы халықтың қауіпсіздігі де әрқашан назарда. Биыл жоспарға енгізілген көшелер жарықтандырылады, осы аумақтарда 250 бейнебақылау камерасы орнатылады. "Халыққа қатысу бюджеті" аясында биыл 15 әмбебап спорт алаңы мен үш спорт алаңы салынады. Жобаның құны 497,5 млн теңге. Олар Бозарық, Самал-3, Асар, Достық, Қызылжар, Тұрлан, Нұршуақ, Алтынтөбе шағын аудандарында салынады. Ал үш спорт алаңы Асар, Достық, Қайнарбұлақ елді мекендерінде салынады. Бұдан басқа, ауданның экономикалық әлеуетін арттыру жөніндегі ірі жоба аудан аумағында "Бозарық" тамақ өнеркәсібінің индустриялық аймағын салу болып табылады. Ауданы 132,9 га индустриялық аймақта жалпы құны 29,5 млрд теңге болатын тамақ өнеркәсібімен айналысатын 30 инвестициялық жоба іске асырылатын болады. Мұнда 1,5 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.