Осы мақсатта бүгін Отырар ауданы әкімдігінің ғимаратынан кітаптар пункті ашылды. Орталықтың ашылуына аудан әкімі Сәкен Сұлтанханов қатысып, мемлекеттік қызметшілердің кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған бастаманың тиімділігін атап өтті.
Айта кету керек, аталған шара Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаевтың тапсырмасымен "Фараб" әмбебап ғылыми кітапханасының бастамасымен "Ашық әкімдіктегі ашық кітапхана" жобасы аясында іске асуда. Жобаның мақсаты билік пен халық арасындағы байланысқа руханият арқылы дәнекер болу, халықтың кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, мемлекеттік қызметшілердің кітапхана қорындағы кітаптарға қолжетімділігін қалыптастыру.
Орталықтағы кітап қорымен танысқан аудан басшысы игі бастаманы қолдайтынын айтып, кітапханашылардың жұмысына сәттілік тіледі.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат