Бүгінде штаттық кестеге сәйкес, 730 оқушы аталған 9 автобуспен мектепке қатынаса, 805 оқушыны «ЯНС» ЖШС-мен келісім-шарт арқылы тасымалдау жұмыстары жүргізілуде. Жалпы мектептен шалғайда тұратын 1 535 оқушы автобуспен тегін тасымалданып отыр.
Нақтырақ айтқанда, Сайрам ауданындағы №26 М.Қашқари атындағы жалпы орта мектебі, №104 негізгі орта мектебі және №12 Т.Рүстемов атындағы мектеп гимназиясының шалғайда тұратын оқушылары жаңа берілген автобустармен қатынап оқып жүр.
Сондай-ақ, биыл Түркістан облысындағы мектептер 100 пайыз бейнебақылаумен, және лицензиясы бар кәсіби күзет қызметімен қамтылады. Сонымен бірге бала саны 700-ден асатын 284 мектепке арнайы турникеттер орнатылады. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен білім саласына қолдау көрсету, балалардың қауіпсіздігін нығайту бағытында нақты жұмыстар атқарылуда.
Түркістан облысында балалар қауіпсіздігін қамтамасыз етуге облыстық бюджеттен үнемделген қаржы есебінен жалпы 6 млрд. теңге қаржы қаралды. Яғни, үнемделген қаржы есебінен ауқымды жұмыс атқарылады. Атап айтсақ, камера орнатуға, дабыл, турникетке, күзетке, қоршауға, әжетхананы ағымдағы жөндеуден өткізуге, кәріз жүйесін жөндеуге тиісті қаржы қаралып отыр. Осы бағытта тиісті жұмыстар қарқынды жүріп жатыр. Аталған мәселелер жаға оқу жылына дейін толық шешілмек.
Облыста бала саны 300-ден жоғары 572 мектепті мамандандырылған күзет қызметімен қамтамасыз ету қажеттігі бар. Бұл мәселе мектептердегі қарауыл штат бірліктерін ықшамдау арқылы үнемделген қаржы шегінде шешілмек. Сонымен бірге 38 мектептің жылу жүйесін газға өткізуге де қаржы қаралған.Түркістан – еліміздегі ең демографиясы жоғары өңір. Биыл облыста 500 мыңнан астам оқушы білім алды. Мектептер саны 1000-ға жетті.
2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджеттің жобасында осы мақсатта 400 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінеді. Жоба аясында ашылған мектептер заманауи пән кабинеттерімен, зертханалармен толық қамтамасыз етіледі. Түркістан облысында 900, 1200 және 2000 оқушы орындық мектептер салу жоспарланған. Бекітілген 86 мектепте 60 мыңнан астам баланың білім алуына барлық мүмкіндік жасалады.
Жобаның мақсаты – қалалар мен қарқынды дамып келе жатқан (перспективалы) елді мекендерде жаңа үлгідегі, бірыңғай стандарттағы жабдықталған мектептер салу. Оқушылар мен оқытушыларға қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасау және білім беру қызметінің сапасын арттыру.Түркістан облысында жалпы 983 (оның ішінде 75 жекеменшік) мектеп бар. Соңғы жылдары 83 жаңа мектеп пайдалануға берілді, ал қазір 59 мектеп салынып жатыр.
«Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы бойынша Түркістан облысында 86 мектеп салу жоспарланған. Президенттің төрағалығымен өткен Реформалар жөніндегі жоғарғы кеңесте қаралған «Жайлы мектеп» жалпыұлттық жобасын іске асыру мәселесі бойынша Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды таяуда салаға жауапты басшылардың басын қосып, нақты тапсырмалар берді. Жаңа үлгідегі мектептер салу үшін жер телімдерін бөлу, инженерлік жүйелерін жүргізу, педагогтермен қамту және уақытында құрылысын аяқтау сынды тапсырмалар міндеттелді. Осы арқылы үш ауысымды, апатты, ескірген мектептер санын жою жоспарға қойылған.
Мамандардың мәліметіне сәйкес Түркістан облысында жалпы мыңнан астам мектепте (оның: 907-мемлекеттік болса, қалғаны жекеменшік) 514 мыңнан астам оқушы білім алуда. Сондай-ақ облыстағы 1364 балабақшада (264-мемлекеттік,52-шағын орталық, 1062-жекеменшік) 149 мыңға жуық бала тәрбиеленуде. Ал, облыстағы 52 колледжде (оның: 29-мемлекеттік, 23-жекеменшік) 40 мыңнан астам студент оқиды. Облыс халқының 38 пайызы балалар мен кәмелетке толмаған жасөспірімдер. Еліміздегі әрбір 7-ші оқушы біздің облыста.Бұл республикадағы ең үлкен көрсеткіш. Түркістан облысы республикада білім беру саласына бөлінетін қаржы көлемі жағынан 1-орында.Салаға 2023 жылға 597,5 миллиард теңге қаржы бөлінген.
Білім беру инфрқұрылымын дамыту мақсатында 2023-2025 жылдар аралығында 96 мектеп (оның: 63-«Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен, 3-«Ауыл ел бесігі» бағдарламасынан, 21-жалпы сипаттағы трансферттер есебінен, 9-жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен) салынуда. Биыл осы мектептердің 20-ы оқушылар қабылдауда.
Жаңа оқу жылында 1-сыныпқа 51 621 оқушы (2022 жылы – 53 799 оқушы) келді. Сондай-ақ, биыл мемлекеттік 5 мектеп, жекеменшік 14 білім ұясы алғашқы оқушыларын қабылдады. Ал, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша өңірде үш жылда заманауи 63 мектеп құрылысы жүргізілетін болады. Биыл 240 пән кабинеттерін (физика-64, химия-48, биология-64, STEAM-64) алуға 3,1 миллиард теңге бөлініп отыр. Облыста балаларды қорғау, әлеуметтік қолдау мақсатында нақты шаралар қабылданып, бюджет шығыстары есебінен 12 миллиард теңге қаралды.
Түркістан облысының білім басқармасына қарасты 21 мекемеде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. «Ауыл Ел-бесігі» бағдарламасымен 13 білім мекемесіне, ал облыстық бюджеттен 8 білім мекемесіне. Атап айтқанда (Ордабасы 2, Сайрам 2, Түлкібас 1, Төлеби 5, Сарыағаш 6, Кентау 1, Арыс 1, Келес1, Түркістан 2).
Балалар қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 5,9 миллиард теңге қаржы бөлінген. Қауіпсіздікті 6 бағытта жүргізіп, мәселе 100 пайыз шешіледі дейді мамандар. Мектептерге 7 мыңнан астам бейнекамера орнатылып, полиция департаментінің жедел басқару орталығына қосылады. Мемлекеттік 936 (оның ішінде: 907-мектеп; 25-колледж; 4-балалар ауылы мен жасөспірімдер үйі) білім беру мекемелері 100% дабыл батырмасымен қамтылып, жедел басқару орталығына қосылған.
Кәсіби күзет қызметімен қамтамасыз етілуі тиіс бала саны 300-ден жоғары 573 білім беру ұйымдары толық лицензияланған күзет қызметіне өтті. Мектеп алды көшелерде жарықтандыру жүйелері мен арнайы жол белгілері орнатылуда.
Жаңа оқу жылынан бастап облыстағы бастауыш сыныпта оқитын 187 832 бала бір реттік ыстық тамақпен қамтамасыз етілетін болады. Жыл соңына дейін оған облыстық бюджеттен 6,2 млрд. теңге қаржы қаралды.Оқушы тасымалы мәселесі ле шешілді. Облыс бойынша 180 елді мекенде 15 225 бала мектепке тасымалданады (оның ішінде: мектебі жоқ 56 елді мекеннен – 6696, мектептерде жоғары сыныптары жоқ 124 елді мекеннен – 8529 бала).
«Балалар жылы» аясында Мемлекет басшысының тапсырмасымен облыс мектептеріне лизинг тәсілімен «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ы арқылы 101 заманауи автобустар алынды. Жаңа оқу жылында оқушылар тасымалы мемлекет теңгеріміндегі 120 (оның ішінде: жаңа – 101, бұрынғы –19 автобус) және мердігер фирма меншігіндегі 68 автобуспен ұйымдастырылады.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат