Сынып жетекшілері 5-6 сынып оқушыларымен жоспарға сай «Жол ережесін білесің бе?» тақырыбында онлайн сауалнама, бастауыш сыныптарда «Жолда жүру ережелері» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. Технология пәні мұғалімдерінің «Жол ережесін білейік, аман — есен жүрейік!» тақырыбындағы сурет сайысы да оқушыларды ерекше бір жігерлендірді.
Жалпы елімізде 10 тамыз бен 25 қыркүйек аралығындағы «Қауіпсіз мектеп ортасы» республикалық акциясы өтуде. Акцияның мақсаты –балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және профилактикалық қауіпсіздік шараларын жетілдіру.
Сондай-ақ, балалардың қауіпсіздігі мәселесіне қоғамның тұрақты назарын аудару, құықбұзушылық профилактикасымен айналысатын мемлекеттік органдардың, қоғамдық, халықаралық ұйымдардың, бизнес ортаның, БАҚ-тың күш-жігерін біріктіру.
Акция шеңберінде өткізілетін әрбір іс-шара оқушылардың құқықтық санасын қалыптастыруға және қауіпсіз мектеп ортасын құруға жауапты мінез-құлық дағдылары мен салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған.
«AQ-QARA»-ақпарат