Аталған жүйе арқылы 106 мектеп 499 бос жұмыс орынына конкурс жариялаған. Оған 2 134 өтініш келіп түскен.
Ал, комиссия қарауында болған 555 кандидаттан 1 865 өтініш түсіпті. Оның ішінде 250 азамат конкурс жеңімпазы атанып, жұмысқа қабылданды.
Еске сала кетейік, «HR-Process» жүйесі білім беру саласындағы бос орындарына жұмысқа тұру үшін өтініш беру мен оны өңдеу барысын автоматтандыруға арналған. Сондай-ақ, осы портал арқылы үміткерлер мен бос орындарының дерек қорын құру қолға алынды. Басты мақсат — заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып педагогикалық құрамды іріктеу процесінің тиімділігін арттыру.
Яғни, үміткерді таңдау кезінде меритократия қағидаларын сақтау және ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз ету.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат