Жұма, 19 Ақпан 2021 19:53

Түркістан: 5 колледж Халықаралық стандартқа сәйкес материалдық техникалық базамен жабдықталды

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев ел алдында берген есебінде «Жас маман» жобасын сөзге тиек етті.

«Облыста «Жас маман» жобасы бойынша биылғы жылы 5 колледжге 1,3 млрд. теңге бөлініп, Халықаралық стандартқа сәйкес материалдық техникалық базамен жабдықталды. Елбасының «Баршаға арналған тегін кәсіптік білім» жобасы аясында 49 білім беру ұйымына 7 291 орын көлемінде білім беру тапсырысы бөлінді. Халықаралық ынтымақтастықты нығайту жұмыстарының нәтижесінде «Кентау трансформатор зауыты» АҚ, «TUV Rheiland Akademie GmBH» концернімен келісім-шарт жасап, Кентау политехникалық колледжі «Қазақ-неміс политехникалық колледжі» жаңа статусын иеленіп, маман даярлануда, жаңа бағдарлама жасауда»,-деді Өмірзақ Естайұлы өз сөзінде.

Облыс басшысының мәліметінше, мектеп оқушыларына қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру мақсатында балалар компьютер құралдарымен толық қамтылды. Үкімет резервінің қаржысына 7 711 планшет, 6 мыңға жуық компьютер, 43 527 ноутбук, барлығы 57 190 (100%) компьютер сатып алынып, аудан, қалаларға таратылып берілді. 2020 жылы 15,8 млрд. теңгеге 52 білім нысандарының құрылыстары жүргізіліп, жыл қорытындысымен 16 нысан пайдалануға тапсырылды. Оның ішінде 1 апатты және 1 үш ауысымды мектептердің мәселесі шешілді.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат 

 

Оқылды 435 рет