Жексенбі, 28 Ақпан 2021 19:58

Түлкібас ауданы: Қолжетімді әрі сапалы білім беру – басты талап

Ауданда 71 мектепке дейінгі ұйым жұмыс жасайды.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауының «Қолжетімді әрі сапалы білім» тақырыбындағы V басым басым бағытына сәйкес, Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының «Түлкібас ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 2020 жылдың қорытындысы бойынша жалпы мектептер саны – 60. Оның 46-сы типтік, 14-і ыңғайластырылған, Үш аусымда оқитын мектеп жоқ.

- жалпы орта мектеп – 46 (22647 оқушы);

- негізгі орта мектеп – 5 (464 оқушы);

- бастауыш мектеп – 9 (144 оқушы);

- Барлығы оқушылар саны – 23255.

Қосымша біліммен қамтылған оқушылар саны – 932.

Ауданда 71 мектепке дейінгі ұйым жұмыс жасайды. Оның ішінде балабақшалар – 48, (15 – мемлекеттік 1823 тәрбиеленуші, 33 – жеке 3652 тәрбиеленуші), 24 шағын орталықта 721 бүлдіршін тәрбиеленуде. 1-6 жас аралығында барлығы 6327 бала (соның ішінде 1-3 жас аралығында бала - 1860).

Жалпы орта мектептерде мектепалды даярлық топтарында 5-6 жас аралығында бала саны – 1629. 3-6 жас аралығында қамтылған жалпы бала саны – 4467. Қамту – 100 %.

Оның:

-15 мемлекеттік балабақшада-1-6 жас-1850 бала,оның ішінде 3-6 жас-1426 бала.

-33 жекеменшік балабақшада-1-6 жас-3784 бала,оның ішінде-2536 бала

-23 мектеп жанындағы шағын орталықта-1-6 жас-693 бала, оның ішінде 3-6 жас-505 бала.

Ал мектептегі мектепалды даярлыққа қамтылған бала саны - 1627 бала. Мектепке дейінгі ұйымдарда 1-6 жас аралығында 6327 бала қамтылып, ол 9808пайызды, оның ішінде 3-6 жас аралығында 4467 бала қамтылып, ол 100 пайызды құрады.

Қазіргі таңда ауданда 25 мектепке дейінгі ұйымдарда кезекші топтар ашылып, жұмыс жасап жатыр. Олар 25 балабақша 112 топ, 1611 бала, 245 педагог, 73 кіші қызметкер. Оның ішінде 3 мемлекеттік 18 топ 205 бала, 54 педагог, 56 кіші қызметкер, 22 жекеменшік 94 топ 1406 бала, 191 педагог, 217 кіші қызметкер жұмыс жасайды.

Білім беру мекемелерінде 2934 педагог жұмыс атқарады.

Оның: жоғарғы білімді – 2895 (98,3%), орта арнаулы білімді – 39 (1,7%); жоғары біліктілік санатты -211, бірінші санатты – 332, екінші санатты-- 396, санатсыз - 792, педагог шебер – 24, педагог-зерттеуші – 389, педагог-сарапшы – 443, педагог-модератор – 347 мұғалімдер қызмет атқарады.

 

Оқылды 678 рет