Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес аталған қызметтер толығымен автоматтандырылған.
Одан бөлек, педагогтарды жұмысқа қабылдау «HR-Рrocess» электронды қызметтер жүйесі арқылы автоматтандырылды. Нәтижесінде, 720 бос орындар жарияланып, қабылданған 408 педагогтың 121-і үздік дипломмен, 125-і магистр, 17-і шет елдерде білім алған сапалы кадрлар іріктелді.
Сонымен қатар, білім ұйымдарының бірінші басшылары «Адалдық алаңы» жобасы аясында 100% кабинеттерін оқу кабинеттеріне тапсырып, ата-аналар мен мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында «Open Space» ашық бөлмелерге көшті.
Жоғарыда аталған жобаларды автоматтандыру нәтижесінде азаматтардың өтініштерінің саны 254-ке азайды (2019 жылы - 434, 2020 жылы-180).
Сондай-ақ, ағымдағы жылы қаладағы мемлекеттік 5 колледжді жабдықтау үшін республикалық бюджеттен 1 447,772 млн теңге қаржы қаралған.
Қыркүйек айына дейін колледждердің материалдық-техникалық базасы 70% жаңартылады.
«AQ-QARA.KZ-ақпарат»