Бейсенбі, 20 Мамыр 2021 15:19

Шымкенттік ұстаз биология пәнін ағылшын тілінде оқытып жүр

Үш тілде оқыту арқылы болашақ жастарымызды бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік қабілетті, мәдениетті тұлға етіп қалыптастырамыз,- дейді №8 мамандандырылған гимназиясының мұғалімі Ақмарал Шойбекова.

Кәсіби білікті ұстаз оқушыларға жаратылыстану пәнін қазақ және ағылшын тілінде оқытып келеді. Ол биалогия пәнін үш тілде оқыту – болашақ ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін бүгінгі күнгі қажеттілік екенін айтады.

Биология пәнін ағылшын тілінде өту үшін маман USTAZ –Professional Learning Centre – білім беру орталығында «21 ғасыр педагогы» атты біліктілікті арттыру бағдарламасының А1,А2,В1,В2 дегейіндегі ағылшын тіліндегі курстарынан және осы орталықтың ағылшын тілін білетін білім беру саласындағы мамандарға арналған тәлімгерлік бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен.

Ширек ғасырлық тәжірибесі бар білікті маман республикалық, облыстық, қалалық олимпиадалар мен түрлі байқауларға қатысып, жүлделі орындардан көрінген. Мәселен, 2016 жылы биология пәні бойынша мұғалімдерге арналған республикалық қашықтық олимпиадасының 3-дәрежелі диплом иегері атанған. Араға бір жыл салып, «Қазақстан ұстаздары» қоғамы ұйымдастырған «Биология» пәні бойынша республикалық олимпиадаға қатысып, дипломмен марапатталды. Сондай-ақ, «Үздік ғылыми жоба-2018» байқауында оқушының ғылыми шығармашылығына жетекшілік еткені үшін алғыс хат сынды тағы басқа марапаттары жеткіллікті.

Ақмарал Шойбекова қай іске болмасын өзінің білімділігімен, біліктілігімен, мәдениеттілігімен, парасаттылығымен, ізденімпаздылығымен, шығармашылық қабілетінің жоғарылығымен дараланған ұстаз. 

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

 

Оқылды 449 рет