Сейсенбі, 25 Мамыр 2021 11:26

Шымкенттегі ең көне мектепке 146 жыл

Шымкент қаласындағы ең көне мектеп – М.Х.Дулати атындағы №8 үш тілде оқытатын мамандандырылған гимназияда бүгін 146-шы соңғы қоңырау соғылды.

Мектеп түлектерінің салтанатты іс-шарасына қала әкімінің орынбасары Ерғали Білісбеков қатысты.

Е. Білісбеков барша мектеп бітірушілерін соңғы қоңырау күнімен құттықтап, оларға жарқын болашақ тіледі.

– Бұл білім ұясы – қаламыздағы ең көне және тарихы терең мектеп. Бүгінде есімдері елге танымал қаншама азаматтар осы мектептен қанат қаққандарын мақтанышпен айтады. Өзім де №8 мектеп-гимназиясының түлегімін. Құрметті мектеп бітірушілер, баршаңызға өмірлік сәттілік тілей отырып, ұлағатты ұстаздарымызға қажырлы еңбектері үшін ерекше алғысымды білдіргім келеді, – деді Ерғали Дәулетбекұлы.

Үнемі шығармашылық ізденістің, жоғары оқу сапасына ұмтылудың арқасында мектеп 80-жылдардың соңында дарынды балаларды көпсалалы оқыту бойынша эксперименттік алаң мәртебесін алды. 1992 жылы мектеп гимназия мәртебесін иеленген. Бүгінде оқушыларды үш тілде оқытатын мамандандырылған гимназия.

2020-2021 оқу жылының қорытындысы бойынша 1997 оқушы оқу жылын аяқтады. Оның ішінде 158 -і 11-сынып түлектері. 22 түлек «Алтын белгі» төсбелгісін алуға үміткер. Үздік аттестат алуға үміткерлер саны – 6.

Айта кетерлігі, гимназия биыл Қазақстан бойынша үздік «100 олимпиадалық мектептер» тізіміне еніп отыр. Сонымен қатар, «Шымкент жастар лигасының» ширек финалында бас жүлдені иеленген.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

 

Оқылды 451 рет