Бұл туралы Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы хабарлайды.
Салтанатты шараға ата-аналар арнайы келіп, тұғырлы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына тұспа-тұс келген мектеп бітіруші жас түлектердің болашағы жарқын болуына және барлық ұстаз қауымына алғыс айтып, тілек білдірді.
Мектеп директоры Дамира Манкеева түлектерге құттықтаулар мен тілектер айтып және 11-сыныптардың барлық түлегін емтиханға жіберу туралы бұйрықты оқыды.
Бітіруші сыныптың соңғы қоңырау мерекесіне 10-сынып оқушылары да келді. Олар мектеп түлектерінен ұрпақтар эстафетасын қабылдады.
Салтанатты жиынның соңында соңғы қоңырау соғылып, мәдени іс-шараға ұласты.
2020-2021 оқу жылында Шымкенттегі 186 мектепте 226 мыңнан астам оқушы білім алды.
Оның ішінде биылғы жылы 11-сыныпты 9 342 түлек мектепті бітіреді. Ал, 513 оқушы «Алтын белгіге» үміткер.
Сонымен қатар, қалада бүгінге дейін 4 634 талапкер ұлттық бірыңғай тест тапсырған. Оның ішінде тестілеу тәртібін бұзғаны үшін 64 оқушының жұмысы жойылған.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат