Осыған орай, бүгіннен бастап 800-ге жуық шәкірті қала сыртындағы сауықтыру орындарына 10 күн бойы демалатын болады.
Атап айтсақ, «Ақсу» сауықтыру орталығына – 150, «Арман» демалыс орнына – 200, «Ерке» орталығына – 188, «Үшбұлақ» демалыс орнына - 200 оқушы демалысқа жүріп кетті.
Жалпы биыл 8 мыңға жуық оқушы қала сыртындағы лагерлерде демалатын болады. Ең алдымен атаулы әлеуметтік көмек алатын, тұрмысы төмен отбасы балалары жіберіледі. Одан бөлек 22 мыңнан аса оқушының жазғы демалысы ата-аналар есебінен ұйымдастырылады.
Айта кетейік, жазғы демалыспен қамтылуы тиіс ата-аналардан өтініштер биыл E.gov порталы арқылы онлайн түрде қабылданды.
Жазғы демалыс кезінде балаларды ата-аналарының өтініштеріне сәйкес лагерьге жіберу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Биыл мемлекет тарапынан жартылай (895) және тұл жетім (157), көп балалы (2 653), сондай-ақ, АӘК алатын отбасының балалары (4 093) қала сыртындағы лагерьде демалады. Ал 22 655 бала ата-аналар есебінен лагерьге жіберіледі. Одан бөлек, 19 маусымға дейін білім ұйымдарында 60 пайызға жуық балаға қосымша сабақ беру жұмыстары басталды.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат