Сейсенбі, 29 Маусым 2021 11:42

2026 жылға дейін Түркістан облысындағы 900 мемлекеттік мектеп толығымен бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етіледі

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында білім беру нысандарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Онда ҚР Премьер-Министрі 10 шілдеге дейін «Білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жол картасын» бекітуді тапсырды.

Үкімет отырысында білім беру нысандарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің баяндама жасады.  Түркістан облысы бойынша 919 жалпы білім беру ұйымдары (900 мемлекеттік, 19 жекеменшік) қызмет етуде, ондағы білім алушылар саны – 499 894-і құрап отыр. Бейнебақылау бойынша облыста 900 мемлекеттік мектеп толығымен бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етілетін болады.

«Алайда, 2019 жылғы ҚР Білім және ғылым және Ішкі істер министрліктерінің бірлескен бұйрықпен бекітілген стандартқа сәйкес, 273 мектеп бейнекамералармен қамтамасыз етілген. Қалған 627 мектеп 2026 жылға дейін кезең-кезеңімен бейнекамералармен қамтылатын болады. Мамандандырылған күзет пен «Дабыл батырмаларымен» қамту бойынша осы күнге дейін мектептегі күзет қызметін 2008 жылғы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы негізінде мектеп қарауылдары атқарған. Болашақта мамандандырылған күзет қызметіне кезең-кезеңімен көшу жоспарлануда»,-деді облыс әкімі.

Бірінші кезеңде, 2022 жылы жан басына шаққан қаржыландыруға өткен қала мектептерінде (91 мектеп), 2-кезеңде 2026 жылға дейін мемлекеттік жекешелік әріптестік (МЖӘ) арқылы қалған мектептерде күзет қызметіне көшеді. Облыстағы мемлекеттік және жекеменшік 1 298 балабақшаның қалалық жерде орналасқан 258-і орталық кәріз жүйесіне қосылса, 1 040-ы жеке септиктермен қамтылған. 900 мектептің қалалық жерде орналасқан 78-і орталық кәріз жүйесіне қосылса, 822-і жеке септиктермен қамтамасыз етілген. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары толығымен ішкі әжетханамен қамтамасыз етілген. Былтырғы жылдың басында 756 мектептің әжетханаларын жөндеуден өткізу жоспарланған. Мектептерді ішкі жылы әжетханамен қамтамасыз ету үшін демеушілер есебінен, облыстық бюджет қаражаты және жұмыспен қамту жол картасы бағдарламасы аясында 2,2 млрд. теңге қаралып, 2020 жылдың қорытындысымен 697 мектептің ішкі әжетханалары қалпына келтірілді. Қалған 59 мектептің мәселесін шешу үшін 480,3 млн. теңге жергілікті бюджет есебінен шешімін табатын болады. Бұдан бөлек, облыс аумағында орналасқан 822 мектептің жеке септиктерді тазалау үшін , қосымша 1,3 млрд. теңге қаржыны талап етуде.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

 

Оқылды 451 рет