Білім ұясы заманауи қондырғылармен жабдықталады. Үлкен спорт зал мен пәндік сыныптармен қамтылған. Облыс әкімі жаңа мектептің құрылыс барысын бақылап, мердігерлермен кезедесті. Қазір мұнда ішкі құрал-жабдықтар орнатылып, сыртқы абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
Түркістан қаласын түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде қалыптастыру жұмыстарының 1-кезеңі аяқталғаны белгілі. Қаланың негізгі әлеуметтік-инфрақұрылымы қаланды. Жалпы 445,3 млрд. теңге 257 жоба іске асырылып, жаңадан Халықаралық әуежай, Әкішілік-іскерлік және Рухани-мәдени орталықтары салынды, оларды өзара байланыстыратын Б.Саттарханов даңғылы қайта құрудан өтті және өндірістік аймақ құрылды. Рухани-мәдени орталығындағы 16 нысанның 14-нің құрылысы толықтай аяқталды. Түркістан облысының 2021-2025 жылдарға арналған жаңа Кешенді жоспарына 141 іс-шара енді. Оның ішінде 75%-ы жеке инвестициялар есебінен жүзеге асырылатын болады.
Облыс басшысы сондай-ақ Түркістан қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің құрылыс барысымен танысты. Әкімшілік-іскерлік орталықта 5, 7, 9, 12 және 20 қабатты 60 тұрғын үй және 4,6 және 8 қабатты 22 тұрғын үй бой көтерген. Айта кетейік, жыл басынан бері түркістандық 500-ге жуық отбасы қоныс тойын тойлады. Оның ішінде кезекке тұрған азаматтарға 252 пәтер, несиемен 204 пәтер берілді. Жоспарланған 108 көпқабатты тұрғын үйлердің 26-ы тапсырылды, қалған 82-і биыл аяқталады.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат