Бұл туралы облыстық Адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Рақымбек Жолаев мәлімдеді.
Басқарма басшысының сөзінше, өңірдегі 900 мектептің 173-і ыңғайластырылған ғимараттар. Алдағы уақытта оларды жаңарту көзделіп отыр.
«Ағымдағы жылы басқарма тарапынан үш ауысымға өту қаупі бар мектептерге талдау жүргізіліп, аудан-қалаларда орналасқан 52 мектеп анықталып отыр. Сол себептен, 2025 жылға дейін трансферттер есебінен мемлекеттік - 107 мектептің, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында - 15 мектептің, жекеменшік - 27 мектептің құрылысын салу жоспарлануда. Қазіргі таңда 6 апатты және 4 үш ауысымды мектеп бар. Биыл сол 2 апатты және 2 үш ауысымды мектептің құрылысы басталып, ағымдағы жылы пайдалануға берілмек. 2021-2023 жылдар аралығында қалған 4 апатты және 2 үш ауысымды мектептің құрылыс жұмыстары толығымен аяқталатын болады», - деді басқарма басшысы.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат