Сәрсенбі, 26 Мамыр 2021 10:58

Түркістан облысында сабаққа дұрыс қатыспаған балалардың ата-анасына айыппұл салынуда

Түркістан облысында жыл басынан бері балалардың білім ұйымдарындағы сабаққа дұрыс қатысуы қамтамасыз етілмегені туралы 2 дерек тіркелген.

Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Әкімшілік жауапкершілікке тартылған ата-аналарға 29 170 теңге көлемінде айыппұл салынған. Бұл туралы Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Құдайберген Шербаев брифингте мәлімдеді.

«ҚР Білім және ғылым министрлігі жыл сайын 1-12 маусым аралығында «Балалар еңбегін пайдалануға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқанын өткізеді. Мақсаты - балалар еңбегін пайдаланудың алдын алу мәселесіне қоғамның назарын аудару. Өңірде бұл бағытта тиісті шаралар қолға алынады. Білім ұяларындағы бала құқығын қорғау – департаменттің назарында»,-деді Құдайберген Қайыпбекұлы.

 

Негізінен департамент тарапынан «Бала қорғау» тобы жұмыс істеуде. Апта сайынғы мониторинг нәтижесінде өткен аптада арнайы чатқа 63 сұрақ келіп түскен. Аталған мәселелерді оңтайлы шешу бойынша тиісті шешімдер қабылданған.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

 

Оқылды 390 рет