Халықтың талап-тілегін тыңдаған Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев аталған мектеп ғимаратына қосымша оқу корпусын салу үшін тиісті жұмыстарды атқару бойынша мамандарға тапсырма беріп, нәтижесінде Республикалық жоба аясында мектеп құрылысы басталды.
Ошақты ауылдық округіндегі №46 Абай атындағы мектеп ғимаратына жаңа 300 орындық оқу корпусының құрылысымен қатар, спорт залы және асхана құрылысы қатар жүрмек. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқан жобаға тапсырыс беруші - Түркістан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы болып табылады.
Жалпы оқу ғимаратының бастапқы корпусы 1973 жылы пайдалануға берілген. Биылғы оқу жылын 1 098 оқушымен аяқтаған білім ошағының бүгінгі таңдағы сыйымдылығы – 630 оқушыға жоспарланған. Нысанның құрылыс-монтаж жұмыстары ағымдағы жылы басталып, келер жылы пайдалауға берілуі жоспарланған. Жауапты мердігер мекеме – «АвтоРемСтрой ЛТД» ЖШС.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат