Дүйсенбі, 02 Тамыз 2021 11:56

«Дипломмен ауылға» жобасы Кентау қаласында өз жалғасын табуда

«Дипломмен ауылға» жобасы бұрын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға ауылдық елді мекендерге жұмысқа орналасуға мүмкіндік берсе, қазіргі таңда мемлекеттік қызметшілерге де ауылдық елді мекендерді дамытуға өз үлесін қосуға мүмкіндік береді.

Жобаның ерекшелігі сонда, ол жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтамасыз етіп қана қоймай, елді мекендерді дамытуға қажетті мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын қарастыра отырып, соның ішінде, маманға ауылдық елді мекенге алғаш жұмысқа барған кезеңінде көтерме жәрдемақы мен жеңілдікпен қарастырылған тұрғын үй несиелерін беруді көздейді.

Осы орайда, Түркістан облысындағы мемлекеттік қызмет саласында жоба өз қолдауын тапты.

Жоба аясында Кентау қаласының азаматы Абай Елбасыұлы Түркістан облысы, Кентау қаласына қарасты Байылдыр ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы лауазымына орналасты. Аталған азамат өзінің білімі мен біліктілігін, күш-жігерін ауылдық елді мекеннің ауыл шаруашылығы саласын дамытуға жұмсамақ.

«Болар істің басына, жақсы келер қасына» демекші, осы сынды жастарымыз ауылдық аймақтарды дамыту жолында аянбай еңбек етіп, шалғай елді мекендерді түлетуге өз үлесін қосар болса, нұр үстіне нұр болар еді деген ойдамыз.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

 

Оқылды 459 рет