Жұма, 06 Тамыз 2021 14:36

Сайрам: Жаңа оқу жылына дайындық пысықталды

Арыс ауылында 3 мемлекеттік, 1 жекеменшік мектеп және 3 жекеменшік балабақша орналасқан.

Мектеп және балабақша ғимараттарын әктеу, сырлау және ғимараттардың ауласын тазалау жұмыстары жүргізілуде.

Сайрам ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы К.Шадиева 4.08.2021 жылы 3 мемлекеттік және 1 жекеменшік мектеп, 3 жекеменшік балабақша басшыларын жеке қабылдады. Қабылдау барысында әр мекеменің ішкі мәселелерін шешу жолдарын қарастырды. Атап айтқанда, №12 Рустемов атындағы МГ 800 оқушылары жекеменшік мектепке ауысуына байланысты, аталған мектептің 43 мұғалімі жұмыссыз қалуда. Осыған байланысты 30 мұғалім Х.Хайтенов атындағы жекеменшік мектебіне орналастыру бойынша ақпарат берілді. Қалған 13 мұғалімге жұмысқа орналастыру мәселелері шешілуде. Сондай ақ 2021-2022 оқу жылына дайындық жұмыстарын жүргізу мақсатында, мектеп кітапханаларындағы 2-11 сынып оқулықтарын карантин талаптарын сақтай отырып, 02-05 тамыз аралығында сынып жетекшілеріне кезекпен тарату жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Сондай-ақ жеке қабылдау барысында аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімнің әдіскері И.Ахмедов мектеп басшыларына 1-сыныпқа қабылдау және Jumys.snation.kz – жұмысқа қабылдау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Мектептерде іс-құжаттар жүргізілуі бойынша аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскері Қ.Мырзатаев қашықтықтан әдістемелік көмек көрсетті. 

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

 

Оқылды 490 рет