Бейсенбі, 12 Тамыз 2021 15:56

Сайрамдық мектеп оқушылары оқулықтармен қамтыла бастады

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің "Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесін бекіту туралы" 23.04.2021 жылғы №179 бұйрығына сәйкес, Сайрам ауданында 2021-2022 оқу жылында мектеп оқушыларын оқулықтармен 100 пайыз қамту жоспарланып отыр.

Биыл оқу-әдістемелік кешендерге қазақ және орыс тілінде білім алатын 1-11 сыныптардың 59472 оқушылары үшін 240740 дана оқулықтарға Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы тапсырыс берді.

Бүгінгі таңда білім бөлімінің жылдық жұмыс жоспарына сәйкес 2021-2022 оқу жылына дайындық барысында ұйымдасқан түрде оқулықпен қамтамасыз ету және пандемия кезеңінде білім беру ұйымдарында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында мектеп кітапханасындағы оқулықтарды 02-20 тамыз аралығында тарату қолға алынды.

Жалпы 47491 оқушы мектеп кітапханасындағы кітаптармен қамтылды, нақтыласақ, 80 % құрайды.

Тамыз айының 20-25 аралығында ауданымызда 1-ші сыныпқа алғаш қадам басатын 6026 оқушыға жаңа "Әліппе" оқулығы және қосымша көркем әдебиеттер тапсырылмақ.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

 

Оқылды 468 рет