Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Оның ішінде 12 мектеп күрделі жөндеуден өтсе, 18-нде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. 100-ге жуық мектептің асханалары жөндеуден өтеді. 108 мектептің кітапханаларын жаңғырту жұмыстары қолға алынды.
Бұған қоса, облыста 12 мектептің күрделі жөндеу жұмыстарына 2,8 млрд. теңге қаржы қарастырылып, оның 5 мектебі тамыз айының соңында аяқталса, қалған 6 мектеп жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. 1 мектеп 2022 жылға өтпелі. Аталған нысандағы күрделі жөндеу жұмыстары жаңа оқу жылына өз кедергісін тигізбейді. Сонымен қатар, жергілікті бюджет есебінен 18 мектепке 86 млн.теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ, Түркістан облысы бойынша жалпы 78 мектептің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде, облыстық бюджеттен 70 мектеп, «Ауыл-Ел бесігі» жобасымен 8 мектеп салынып жатыр.
Бұдан бөлек, Түркістан қаласында 720 орындық Назарбаев Зияткерлік мектебі салынуда.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат