Шымкент қаласында 11 қосымша білім беру ұйымы, 17 аула клубы (5-і 2021 жылы ашылған) және мектепішілік түрлі үйірмелер бар. Қаладағы 242 525 оқушының 77% , яғни 186 986 оқушы қосымша біліммен қамтылған. Бұл жөнінде қала әкімі Мұрат Әйтеновке білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Р.Әліш есеп беру кезінде белгілі болды.
«Қаладағы 9 қосымша білім беру ұйымдарында 20 061 бала түрлі үйірмелер мен секцияларға қамтылған. Одан бөлек, қаладағы 21 спорт мектептерінде 15 561 бала, 5 спорттық клубтарында 2854 бала қамтылуда. Басқармаға қарасты 133 мектепте 131 903 оқушы (66%) мектеп жанындағы үйірмелерде және 82 044 оқушы (41,1%) мектеп жанындағы спорттық секциялармен қамтылған»,-деді ол.
Жан басына қаржыландыру есебінен 26 000 бала қамтылуда. Оның ішінде 14 мың бала спорттық, 12 бала мәдени үйірмелерге барады. Балалардың қосымша біліммен қамтылуын арттыру мақсатында 2 қосымша білім беру ұйымының құрылысы жүргізілуде. Атап айтсақ, 1 өнер мектебі, 1 оқушылар сарайы. Осы жылы 150 орындық өнер мектебінің, келесі жылы 500 орындық оқушылар сарайы пайдалануға беріледі.
Мектеп оқушыларын ыстық тамақпен қамту үшін толық жағдай жасалған. 1-4 сынып оқушылары 100% ыстық тамақпен қамтылған. 54 мектеп ыстық тамақ қаржысын төлеу барысында қолма-қол ақшасыз карточкалық жүйеге өткізілді. Сонымен бірге, аз қамтылған, әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан 7 200 балаға жазғы демалыс лагерге және 62 800 балаға бір реттік көмекке қаржы қаралды.
Қала мектептерінде цифрлық білім беру ресурстарын қолдану бойынша 2017-2018 оқу жылынан бастап «BilimLand» білім беру платформасына 130 мектеп онлайн режимінде 100% қосылып жұмыс жүргізуде. Бүгінгі күнде, цифрлық білім беру ресурстарына қосылу үшін мектептерге 6 481 аккаунт берілген. «BilimLand» білім беру платформасы арқылы мектептер бастауыш сынып курстары, гуманитарлық циклдегі курстар жене жаратылыстану бағытындағы пәндер бойныша цифрлық білім ресурстарын қолдануда. Сонымен қатар, «iTest» ҰБТ дайындау бағдарламасы бойынша виртуалды кешен, «iMektep» (аудиовизаулды туынды – анимациялық фильм) анимациялық сабақтар мен ойын түріндегі тапсырмалар, «Twig» мектеп бағдарламасына негізделген фильмдер, мультимедиялық материалдар және тапсырмалар жинағын қолдануда.
Қала әкімі жастарды техникалық білімге бейімдеуді, дуальді оқытуды кеңінен қолдануды, педагогтердің бейімділік біліктілігін жоғарылатуды, жазғы лагерлердің жұмысын жандандыруды тапсырды.
"AQ-QARA.KZ"-ақпарат