Зияткерлік мектепте жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының мектепішілік кезеңі өтті.
Түркістан қалалық NIS-тің зияткерлері Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің ғалымдары мен PhD докторлары, профессор, доценттер және аға оқытушы ұстаздар алдында ғылыми жобаларын қорғады. Оқушылардың зерттеушілік қабілеттерін арттыру мақсатында зияткерлердің түрлі бағыттағы жобаларына ХҚТУ-нің білікті ұстаздары 4 секция бойынша әділ-қазылар алқасы ретінде баға берді:
- физика, техника, жер және ғарыш туралы ғылым;
- математика, қолданбалы математика, информатика, экономика;
- химия, биология, қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығы;
- тарих, өлкетану, этномәдениеттану, тіл білімі, адам және қоғам, әдебиет бағыттары бойынша әр секцияда әділ-қазылар алқасы және жоба жетекшілерінің қатысуымен жүргізілді.
Жалпы саны 60-қа жуық жобалар қорғалған жиында ХҚТУ-нің зияткерлердің жобаларына әділ қазылық етуде оң бағасын берді. Сонымен қатар, жоба жетекшілері мен мектеп ұстаздары қазылар алқасымен жобалардың іске асуына байланысты пікір алмасып, кеңес алып өз ойларын ортаға салуда тиімді кері байланыс орнатты.
Осы орайда мектеп директоры Балқан Касимов оқушылардың ғылыми-зерттеу жобаларына әділ бағасы берген университеттен келген ғалымдарға және ХҚТУ ректоры Жанар Темірбековаға алғыс білдірді.
Зияткерлердің зерттеушілік қарым-қабілеттерін арттыруда ұйымдастырылған бұл басқосу жоба жетекшілері мен оқушыларға ғылыми жобаға даярлық барысында және оны іске асыруда өз септігін тигізді.