Жұма, 14 Қазан 2022 16:57

Сауран ауданындағы бірқатар нысандарға Үкіметтің қаулысымен тарихи тұлғалардың есімдері берілді

ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі «Түркістан облысындағы кейбір білім беру мен мәдениет ұйымдарына атау беру және қайта атау туралы» № 741 қаулысымен Сауран ауданына қарасты бірқатар білім ошақтарына қазақ халқының біртуар перзенттерінің есімдері берілді. Бұл өз кезегінде жаңадан құрылған жас аудан халқы үшін идеологиялық, рухани жағынан тигізер оң әсері мол. Сонымен төмендегі білім ошақтарының аты былайша өзгертілді:

Сауран ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Шорнақ» жалпы орта мектебі» КММ-сі «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы жалпы орта мектебі» КММ-сі болып;

Сауран ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Қызыл-Әскер» жалпы орта мектебі» КММ-сі «Жұмабек Тәшенев атындағы жалпы орта мектебі» КММ-сі болып;

Сауран ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Майдантал» жалпы орта мектебі» КММ-сі «Әйтеке би атындағы жалпы орта мектебі» КММ-сі болып;

Сауран ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Қызыл жол» жалпы орта мектебі» КММ-сі «Қазыбек би атындағы жалпы орта мектебі» КММ-сі болып;

Сауран ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Ташанақ» жалпы орта мектебі» КММ-сі «Өзбекәлі Жәнібеков атындағы жалпы орта мектебі» КММ-сі болып;

Сауран ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Шыпан» жалпы орта мектебі» КММ-сі «Мәншүк Мәметова атындағы жалпы орта мектебі» КММ-сі болып;

Сауран ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Шобанақ жалпы орта мектебі» КММ-сі «Төле би атындағы жалпы орта мектебі» КММ-сі болып;

Сауран ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Иқан» жалпы орта мектебі» КММ-сі «Әл-Фараби атындағы жалпы орта мектебі» КММ-сі болып;

Сауран ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Ескі Иқан» жалпы орта мектебі» КММ-сі «Әлия Молдағұлова атындағы жалпы орта мектебі» КММ-сі болып;

Сауран ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Достық» жалпы орта мектебі» КММ-сі «Рахманқұл Бердібай атындағы жалпы орта мектебі» КММ-сі болып қайта аталды.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат»

Оқылды 308 рет