Аталған жарыста мектеп оқушыларынан құралған 4 команда қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша 3- орынды Қыран тобы, 2- орынды Ынтымақ тобы, 1-орынды Бүркіт тобы алып, Сайрам ауданы Төтенше жағдайлар басқарма қызметкерлері жүлделі орын алған командаларға димлом және бағалы сыйлықтарын табыстады.
Жылдам, жүйрік, епті. Кез келген төтенше жағдайға сақадай-сай дайын болу қажет. Бұл – өрт сөндірушілерге қойылатын басты талап. Күн сайын мамандардың дайындықтары сыналады. Өкінішке қарай, оқу-жаттығу жиындарында ғана емес, нағыз оқыс оқиғаның ортасында. Олар қызыл жалынмен күреседі, адамдардың өмірін құтқарады.
“Жас құтқарушылар” үйірмесі оқушылармен мен жүргізілетін сабақтан тыс жұмыстың ең әсерлі, тәрбиелік мәні бар түрі. Жақсы ұйымдастырылған “Жас құтқарушылар” үйірмесі оқушыларды ұжымдық жұмыстарға қызығушылықтарын арттыра түседі. Өзінің ғана емес өзгелердің өміріне жауапты екендігін түсінуге көмектеседі.
Ал “Жас құтқарушылар” мүшелері жетекшіге көмекші болып табылады. Үйірмеде сабақтан тыс жұмысты жоспарлау сабақ аптасына 2 сағаттан барлығы 20 сағат өтеді.
“Жас құтқарушылар ” үйірмесінің мақсаты мен міндеттері
“Жас құтқарушылар” үйірмесі оқушылармен жүргізілетін сабақтан тыс жұмыстың ең әсерлі, ерекше бір тараған түрі. Жақсы ұйымдастырылған “Жас құтқарушылар” үйірмесі оқушыларді бірлестікке, жолдасына сенімдікке, жауапкершілікке үйретеді. Олардың физикалық қабілеттерінен басқа логикалық ойлау қабілетін арттыратын үйірме.
Үйірме жұмысына жазылатын оқушылардың көбісі жауапкершілікті өзіне ала алатын, физикалық қабілеті жақсы дамыған, епті балалар.
Үйірме қатысушылары қоршаған ортаға бейқам қарамайтын, кез-келген мәселеден шешім таба білетін оқушыларға арналған десек те болады. “Жас құтқарушылар” үйірмесіне неғұрлым күрделі мәселелерге арнап баяндамалар жасалады. Атап айтқанда адам өмірін, қоршаған ортаны қорғау туралы байланысты.
Үйірменің негізгі мақсаты оқушылардың күнделікті өмірде кездесетін қауіпсіздіктерді өз білімімен шешу; тәжірибелік білімін тереңдету, теориялық білімін тәжірибеде ұштастыру, үйірме жұмысының қорытынды нәтижесін көрсету.
Құтқарушы қызметіне қандай адамдар келеді?
Құтқарушы – бұл жас немесе орта жастағы, физикалық тұрғыда шыдамды, батыл, өжет, батыр, психологиялық тұрғыдан тұрақты, қалыптасқан жағдайды лезде бағалай білетін және оған сәйкес әрекет етіп, команда құрамында жұмыс істей алатын, әрқашан өзгелерге көмектесуге дайын адам.
Құтқарушы мамандығы біздің ел үшін әлі жас мамандық болғанымен, қазақстандық қоғамда керемет танымалдыққа көтеріліп, өзінің қажеттілігін дәлелдей алды. Құтқарушы - бұл бірінші кезекте көмекке келетін және өз өмірін қатерге тігіп, адамдарды құтқаратын адам. Азаматтық қорғау органдарында ерлермен қатар кинолог-әйелдер, өрт сөндірушілер мен құтқарушылар, диспетчер-әйелдер, радиотелефонистер, психологтар, дәрігерлер де жұмыс істейді.
Айта кету керек, 2014 жылы жойылып, өкілеті Ішкі істер министрлігіне өткен Төтенше жағдайлар министрлігін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауында қайта құру туралы тапсырма берген болатын. Осы орайда aq.qara.kz ақпарат агенттігі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметін, оның ішінде өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың қызметін ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру мақсатында құтқарушы мамандығына қатысты шолу жасап көрді.
Төтенше жағдайлардың залалын және өлім-жітімді азайту ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің бір бөлігі саналады. Төтенше жағдайлардың басты себебі - адам, оның абайсыздығы мен жауапсыздығы. Ал төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушысы-тәуліктің кез келген уақытында және кез келген жағдайда көмекке келетін маман. Көмек дереу және жоғары деңгейде көрсетіледі.
Қазақстанда құтқарушылар көп пе?
Бүгінгі таңда еліміздегі өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың саны шамамен 18 мың адамды құрайды. Республикада 200-ден астам өрт сөндіру бөлімшесі бар. Жұмыс істеп тұрған шағын бөлімшелерді толықтыру үшін шамамен 4 мың адам қажет.
Сонымен қатар, алдағы жылдары 11 өрт сөндіру депосын пайдалануға беру жоспарланып отыр, осыған байланысты азаматтық қорғау органдарының штат санының лимитін 1041 бірлікке кезең-кезеңімен ұлғайту мәселесін қолдау талап етіледі. Алайда, әр елді мекенде өрт сөндіру депосын құру әзірге мүмкін емес, өйткені бұған қомақты қаражат қажет.
Сондықтан шалғайдағы және саны аз елді мекендерде (5000 мыңнан кем тұрғын) өрт сөндіру бекеттері өртке қарсы қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асырады.
Бүгінде республикада 387 бекет бар. Оң динамиканы ескере отырып, облыс әкімдіктері 221 бекет ұйымдастыруды көздейтін 2021-2023 жылдарға арналған жоспарларды әзірлеп бекітті.
Сондай-ақ, еліміздің елді мекендерінде 3 960 ерікті өртке қарсы құрылымдар құрылды, олардың құрамында 40 мыңға жуық ерікті мен 8 мыңнан астам техника бар. Бұл құрылымдар-өрттердің алдын алу және сөндіру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру үшін құрылған қоғамдық бірлестіктер.
Төтенше жағдайлар қызметкерлерінің жалақысы 65%-ға өсті
ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин ТЖМ қызметкерлерін әлеуметтік қорғауға қатысты қандай жоспар барын атап өтті. «Өздеріңіз білетіндей, 2020 жылдың қаңтар айынан бастап азаматтық қорғау органдарының 19 мыңнан астам қызметкерінің лауазымдық айлықақысы көтерілген. Қызметкерлердің жалақысы орындалатын функцияларға байланысты 20% - дан 65% - ға дейін өсті. Мысалы, қарапайым өрт сөндірушінің ақшалай үлесі орта есеппен 40 мың теңгеге артты. Енді өрт сөндірушінің жалақысы жұмыс өтіліне, сыныптық біліктілігі мен атағына байланысты орташа есеппен 99-дан 160 мың теңгеге дейін құрайды. Қызметкерлердің әлеуметтік пакетін жақсарту бойынша мәселелер пысықталатын болады. Қызметкерлердің тұрғын үй мәселелерін шешу мақсатында ведомстволық жатақханаларда уақытша қызметтік тұрғын үй беріледі», - деді ол.
Соңғы жылдары республиканың өрт-құтқару бөлімшелерін инновациялық техникалық қайта жарақтандыру бойынша белгілі бір нәтижелерге қол жеткізілді. Заманауи талаптарға жауап беретін түбегейлі жаңа және тиімді өрт сөндіру технологиялары енгізілді. Министрлік дүлей зілзалалар мен авариялардың зардаптарын жоюға ғана байланысты қызметтен олардың туындау қатерін басқаруға, әлеуметтік, экономикалық және экологиялық жүйелерге әсерін азайтуға көшті. Әкімшілік кедергілерді жою бойынша ұйымдастырушылық және құқықтық шаралар қабылдануда. Салынып жатқан және іске қосылатын мемлекеттің өнеркәсіптік инфрақұрылымының қауіпті және стратегиялық маңызды объектілерінің аварияға қарсы тұрақтылығын арттыру жөніндегі шаралар кешені іске асырылуда.
ТЖМ-нің алдағы жоспары қандай?
Мемлекет басшысының тапсырмасына орай, министрлік бірінші кезекте, қызмет көрсету сапасын арттыруға тырыспақ ниетте. Азаматтардың өтініштеріне жедел және тез әрекет ету басты назарға алынып отыр.
Екіншіден, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін қайта қарауды, яғни халықты, объектілерді және ел аумағын ТЖ кезінде туындайтын қауіптерден қорғау жөніндегі жалпы мемлекеттік іс-шаралар кешенін іске асыруға арналған азаматтық қорғаудың басқару органдарының, күштері мен құралдарының бірқатар функцияларын қайта қарау жоспарда бар. Сондай-ақ республика автожолдарының авариялық-қауіпті учаскелерінде шұғыл медициналық көмек көрсету үшін құрылған трассалық медициналық-құтқару пункттерін дамыту межесі тұр.
Қазіргі қиын жағдайда әр түрлі тәуекелдерді салыстыру және іс-әрекеттің басымдылығын анықтау үшін Ұлттық тәуекелдерді бағалау жұмыстарын жасау қажет. Бұл процесс әртүрлі тәуекелдер туралы арнайы білімі бар мемлекеттік мекемелердің күш-жігерін үйлестіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, министрлік азаматтық қорғау органдарын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын әзірлеуде, онда дамудың үрдісі мен пайымы айқындалатын болады.
Құтқарушылардың жұмысы өте күрделі, көп қырлы және теориялық білім базасы мен әрі нақты жағдайда жақсы танымал тәжірибелік әрекеттерді білуден тұратын кәсіби деңгейдің жоғары дәрежесін талап етеді. Сонымен қатар, бұл жұмыс аса қауіпті. Себебі, құтқарушы кәсіби борышын өтегенде өліммен бетпе-бет қалатын сәттері көп болады. Көптеген құтқарушылардың зардап шеккен басқа адамдардың өмірін құтқару үшін өз өмірлерін де қиюға дейін баратынын ұмытпауымыз керек. Адамның қауіпсіздігі – құтқарушының басты ұстанымы. Ал оның айналасындағы қауіпсіз ортаны құру мен оны ұстауға, адамның төтенше жағдайдан шығуына өз өмірлерін арнаған батыл адамдар – құтқарушылар. Олардың мықты бірлігі апатпен күресте жан аямай бірге жұмыла қимылдаған кезде көрінеді.
Нағыз ер мінезді азаматтарға арналған жұмыс
Жалпы, осы салада еңбек етіп жүргендердің ішінде құтқарушылардың қызметі ерекше. Олардың жұмысы әрдайым қауіп-қатерге толы. Жауапкершілігі зор, қиын да күрделі мамандықтың иелері деп осы құтқарушылар аталса керек. Ең алдымен құтқарушылардың кәсіби даярлығы жоғары болуы тиіс. Құтқарушы шапшаң қимылдауы, тез ойлап, дұрыс шешім қабылдауы керек. Себебі, апат болып жатқанда жайбасарлыққа салынуға жол жоқ. Онда адамның өмірі маңызды. Сөздің шыны керек, қазір жастарымыз табысы көп жұмысқа барғысы келеді. Бұл жасырын емес. Ал төтеншеліктердің жұмысы жауапкершілігі мол, нағыз ер мінезді азаматтарға арналған, халықтың алғысын алатын жұмыс. Халықтың, мемлекеттің мүлкін, адам өмірін құтқаратын бұл мамандыққа жастарды жұмысқа баруға үгіттеудің маңызы зор. Себебі, елге қызмет етіп, туған жерді түлетуге әрбіріміз жауапкершілікпен қарауымыз қажет.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат»