Шымкентте 500-ге жуық жоғары технологиялы медициналық көмек көрсетілді

Шымкентте жыл басынан бері міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында 1,8 миллиард теңгеден астам қаражатқа 500-ге жуық жоғары технологиялы медициналық қызмет көрсетілді. Кардиохирургия мен нейрохирургия салаларындағы мұндай операциялардың құны бірнеше миллионнан бастап 70 миллион теңгеге дейінгі қаражатты құрайды. БАҚ өкілдеріне арналған брифингте ӘМСҚ Шымкент қаласы филиалы директорының орынбасары Арапкүл Ізбасарова жалпы биылғы жылы қалада қымбат бағалы әрі күрделі 1500 -ға жуық операцияны қаржыландыру жоспарланғанын атап өтті. 

Шымкентте Азаматтық форум өтті

Шымкентте азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен кезекті диалог алаңы ұйымдастырылды. Qyzgaldaq сарайында IV қалалық Азаматтық форум өтті. Іс-шараның мақсаты — үкіметтік емес ұйымдар, мемлекеттік құрылымдар мен қоғам арасындағы өзара әріптестікті нығайту, азаматтық бастамаларға қолдау білдіру. Сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдарға қатысты заң жобасы кеңінен талқыға түсті.

Түркістанда конго-қырым геморагиялық қызбасы ауруына қарсы жұмыстар жүргізілуде

Өткен жылы облыстық зоопаразитологиялық топ құрамдарымен барлығы 781 елді мекенде барлау жұмыстары жүргізілген. Сынама нәтижелері көрсеткендей жиналған 62 918 дана кененің 136-нан Конго-қырым геморагиялық қызбасы ауруының қоздырғышы анықталған. Бұл туралы Түркістан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Ақерке Еркінбекова мәлімдеді.

Түркістан: Кентауда өнеркәсіп өнімінің көлемі 27,6 млрд. теңгені құрады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің аудан, қалаларға жұмыс сапары жалғасуда. Бұл жолы Кентаудағы құрылыс алаңдары мен индустриалды аймақтарды аралады. Одан кейін қала әкімдігінің ғимаратында актив отырысын өткізіп, Кентауды дамыту жолдарын талқылады. Өңір басшысы бірқатар саладағы кемшіліктерге тоқталып, жауаптыларға нақты міндеттер жүктеді.

Еурокубок: Ордабасы жарыстан шықты

Шымкенттік “Ордабасы” Еурокубоктағы бәсекені ерте аяқтады. Жерлестеріміз кеше УЕФА Конференц-лигасының алғашқы іріктеу кезеңінде грузиндік “Торпедомен” кездесті. Қос матчтың қорытындысы бойынша жарыстан шығып қалды.

Түркістан: Облыс әкімі Кентаудағы индустриалды аймақты аралады

 Түркістан облысында тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу өндірісі дамып келеді. Аймақ басшысы Нұралхан Көшеров Кентаудағы индустриалды аймақты аралап, мұндағы өндірістік жобалармен танысты. Кәсіпкерлермен тілдесіп, ұсыныстарын тыңдады.