Ордабасы ауданында «Ер есімі – ел есінде» ескерткішінің ашылу рәсімі болып өтті
Елімізде Мемлекет басшысының тапсырмасымен Ұлы Жеңістің 80 жылдығы кең көлемде аталып өтуде. Осы орайда, Ордабасы ауданында да әкімдік тарапынан мерекелік шараларға арнайы бағдарлама бекітіліп, оған аудандағы барлық сала өкілдері мен барша аудан жұрты атсалысып, елдік пен батырлықтың мейрамы кеңінен мерекеленуде.