Ордабасы ауданында қаржылық және құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған семинар-кездесу өтті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауында «Заң үстемдігі орнықпаса, азаматтардың қауіпсіздігіне кепілдік берілмесе, әлеуметтік-экономикалық дамудың бірде-бір міндеті табысты жүзеге асырылмайды»деп атап өткен болатын. Бұл – бүгінгі қоғамның құқықтық сана мен қаржылық мәдениетке деген қажеттілігін айқындайтын маңызды ұстаным.

ORDABASY: МЕЙІРІМ МЕН ІЗГІЛІК ИЕЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ ПЕН МАРАПАТ

Ордабасы аудандық Мәдениет үйінде қызығы мен қиыншылығы мол қастерлі мамандықты таңдап, басты байлық денсаулық саласында қызмет етіп жүрген Мейіргерлер мерекесіне арналған көлемді іс-шара өтті. Мерекелік шараға ауданымыздағы аурухананың кірпіші қаланғаннан бастап қызмет жасап, абыройлы зейнеткерлікке шыққан ардагер дәрігерлер, аудандық медицина қызметкерлері, жастар және басқа да арнайы қонақтар қатысты.

Түркістан: Бас жоспар қаланы әлеуметтiк-экономикалық жағдайларды ескере отырып дамытудың ұзақ мерзімді перспективаларын айқындайды

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлына Түркістан қаласының Бас жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жобасы» таныстырылды. Бас жоспардың жобасы бойынша Түркістан қаласы Түркістан облысының облыс орталығы болып қайта құрылғаннан бері қала халқының саны 2018 жылы 165,0 мың адамнан 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 228,0 мың адамға дейін өскен. Есептік мерзімге Түркістан қаласының халық саны 2044 жылға дейін 400,0 мың адамға дейін өседі деп күтілуде.

Сауран ауданының агросекторында егістік алқаптары ұлғайып, жаңа технологиялар енгізіліп жатыр

Өткен жылы Сауран ауданында ауыл шаруашылығы саласы айтарлықтай дамып, егістік алқаптарында ауқымды жұмыстар атқарылды. Жыл қорытындысы бойынша 43,6 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Соның нәтижесінде 873,3 тонна өнім өндіріліп, алдыңғы жылмен салыстырғанда өнімділік 105,3%-ға артты. Бұл жетістік саладағы өсімнің айқын көрсеткіші болып табылады.

Ордабасы ауданында мейірім мен ізгілік иелеріне құрмет көрсетілді

Бүгін аудандық Мәдениет үйінде қызығы мен қиыншылығы мол қастерлі мамандықты таңдап, басты байлық денсаулық саласында қызмет етіп жүрген Мейіргерлер мерекесіне арналған көлемді іс-шара өтті. Мерекелік шараға Ордабасы ауданындағы аурухананың кірпіші қаланғаннан бастап қызмет жасап, абыройлы зейнеткерлікке шыққан ардагер дәрігерлер, аудандық медицина қызметкерлері, жастар және басқа да арнайы қонақтар қатысты.

Ордабасы ауданы: өнеркәсіп саласында ауқымды инвестициялық жоба іске асады

Ордабасы ауданында өнеркәсіп саласына кезекті инвестициялық жоба тартылып, ірі қара малдың сүйек қалдықтарын терең өңдеу жобасы іске аспақ. Алдағы уақытта шетелдік «Tangshan Huating Poreelain Co 6 LTD» компаниясына Темірлан өндірістік паркінен 10,0 га жер бөлініп, рәсімделеді.

Сауран ауданы: жыл соңына дейін 29 жаңа өндіріс орны іске қосылады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің аудан, қала тұрғындарымен кездесулері жалғасуда. Таяуда облыс басшысы Сауранға жасаған сапары аясында тұрғындардың мұң-мұқтажын тыңдап, мәселелердің шешілу жолдарын саралады. Мәжіліс барысында жауаптыларға өлкенің әлеуетін арттырудың маңыздылығына тоқталып, жүйелі жұмыс жүргізуді міндеттеді.

ШЫМКЕНТ: ЦИФРЛАНДЫРУ БАҒЫТЫНДА ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Шымкент қаласында мемлекеттік қызмет сапасын арттыру мақсатында цифрландыру үдерісі қарқынды жүзеге асырылып жатыр. «Мемлекеттік органның ұйымдастырушылық дамуы» бағытында «Ақпараттық технологияларды қолдану» көрсеткіші 2022 жылы 46%-ды құраса, былтыр бұл көрсеткіш 85%-ға дейін жетіп отыр. Бұл – әкімдіктің жүйелі жұмыстарының нәтижесі.

Ордабасы: аудан әкімі аппарат жиынында нақты міндеттер жүктеді

Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен кезекті аппарат жиыны өтті. Кезекті мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының қызметкерлері, дербес бөлім басшылары, ауыл округтерінің әкімдері және тиісті сала басшылары қатысты.

Түркістан қаласында жаңа нысандар салу, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру көзделуде

Түркістан қаласында жаңа ғимараттар мен нысандар бой көтереді. Оның ішінде көпқабатты тұрғын үйлер, білім нысандары, бизнес орталықтары мен демалыс аймақтарының құрылысын жүргізу жоспарланған.