Сәрсенбі, 23 Шілде 2025 18:15

Түркістан обылысы спортшыларының өткен аптадағы жетістіктері

Өткен апта Түркістан облысы спортшылары үшін табысты болды. Өңір мақтаныштары халықаралық додаларда ел намысын абыроймен қорғап, жүлделі орындарды иеленді.

 

Универсалды жекпе-жектен (Унифайт) Азия чемпионаты

10-15 шілде аралығында Қырғызстанның Чолпон-Ата қаласында өткен унифайттан Азия чемпионатында Түркістан облысының спортшылары жоғары нәтиже көрсетті:

Қ. Күмісбек – 40 кг,  2-орын

Қ. Абилхан – 45 кг,  2-орын

Н. Сабыр – 60 кг,  3-орын

А. Тілеубек – +95 кг,  1-орын

Н. Абдулла – 80 кг,  1-орын

Б. Бақтиёров – 85 кг,  1-орын

Д. Құрманбек – +80 кг,  1-орын

К. Алпысбай – 57 кг,  1-орын

Е. Абдубай – +52 кг,  1-орын

А. Нұрланқызы – 52 кг,  1-орын

Қ. Анарбек – +62 кг,  1-орын

А. Салсалбек – 65 кг,  1-орын

Грек-рим күресі

19-21 шілде күндері Венгрияның Будапешт қаласында өткен “Polyák Imre & Varga János Memorial” рейтингтік халықаралық турнирінде 57 келі салмақта Раймова Нилуфар  қола жүлдені жеңіп алды.

Еркін күрес

15-18 шілде аралығында Будапештте өткен ересектер арасындағы халықаралық турнирде Түркістан облысының спортшысы, ұлттық құраманың мүшесі Есенгелді Асылжан 61 кг салмақта  үшінші орын иеленді.

Дзюдо

12-13 шілде күндері Тайпей (Тайвань) қаласында өткен Ашық Азия кубогында 90 кг салмақта Хамза Дидар  қола жүлдегер атанды.

Каратэ (WKF)

10-13 шілде аралығында Астана қаласында өткен “Kazakhstan Open” халықаралық турнирінде Түркістан облысының каратэшілері үздік нәтиже көрсетті:

Айзере Абдрасил –  1-орын

Елнұр Түребек –  1-орын

Гүлмира Үсенова –  1-орын

Кәсіпқой бокс

ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, облыстың үздік спортшысы Сәкен Бибосынов Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында өткен кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегінде қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп шықты.

 

Оқылды 38 рет