Super User

Super User

Түркістан: Бас жоспар қаланы әлеуметтiк-экономикалық жағдайларды ескере отырып дамытудың ұзақ мерзімді перспективаларын айқындайды

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлына Түркістан қаласының Бас жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жобасы» таныстырылды. Бас жоспардың жобасы бойынша Түркістан қаласы Түркістан облысының облыс орталығы болып қайта құрылғаннан бері қала халқының саны 2018 жылы 165,0 мың адамнан 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 228,0 мың адамға дейін өскен. Есептік мерзімге Түркістан қаласының халық саны 2044 жылға дейін 400,0 мың адамға дейін өседі деп күтілуде.

Түркістан қаласында жаңа нысандар салу, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру көзделуде

Түркістан қаласында жаңа ғимараттар мен нысандар бой көтереді. Оның ішінде көпқабатты тұрғын үйлер, білім нысандары, бизнес орталықтары мен демалыс аймақтарының құрылысын жүргізу жоспарланған.

Түркістан қаласы: қаржылық қауіпсіздік мәселелері бойынша ақпараттық түсіндіру жүргізілді

Түркістан қаласындағы №28 мектепте өткен шараға Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы мен Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Балгабаев Ерболат Темірболатұлы арнайы қатысты.

Түркістан қаласының өңірлік өнім көлемі былтыр 452,6 млрд.теңгеге жеткен

Түркі дүниесінің рухани, туристік астанасы - Түркістан қаласының халық саны соңғы үш жылда 23,9%-ға артып 2024 жылдың 1 желтоқсанында 236 954 адамды құраған. Жалпы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде қаланы сипаттайтын басты көрсеткіш жалпы өңірлік өнім көлемі облыс орталығы болғалы 4,5 есе өсіп 2023 жылы 370,8 млрд.теңгені құраса, 2024 жылға өсім 14,4%-ды құрап, 452,6 млрд.теңгеге жетті.

Осы RSS каналға жазылу