Жексенбі, 01 Маусым 2025 18:52

Отырар ауданында 1 маусым – балаларды қорғау күніне орай эстафеталық сайыс ұйымдастырылды

Бүгін “1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күні” аясында «Әкем,анам және мен» тақырыбында отбасылық эстафеталық сайыс өтті.  Аудан орталығындағы «Қажымұхан Мұңайтпасұлы» атындағы спорт кешенінде өткен іс-шараға аудандағы барлық білім беру мекемелерінен оқушылар және балабақша бүлдіршіндері ата-аналарымен бірге қатысты.

«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында Үштік одақ –Мектеп, Отбасы және Бала ынтымақтастығын насихаттау жұмыстарын жандандыру бағытында өткізілген іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханұлы қатысып, “Балаларды қорғау күні” – әлемнің түкпір-түкпіріндегі балаларға қуаныш сыйлайтын мейрам ғана емес, кішкентай балалардың құқығын қорғап, оларға қамқор болуға үндейтін мереке екенін атап өтті.

Мерекелік шарада аудандық білім бөлімінің басшысы Құдайберген Шербаев құттықтау сөз сөйлеп, бүгінгі мерекелік шара болашаққа бағдар жасауға бағытталған маңызды шараның бірі екенін жеткізді.Еліміздің болашағы дені сау азаматтардың қолында. Денсаулықтың кепілі-салауаттылықты дәріптеген мерекелік отбасылық сайыс “Таныстыру”, “Кім жылдам?”, “Допты алып өт”, “Ептілік”, “Жеңіс туы” секілді 5 кезеңнен тұрды.

Шараның басты мақсаты жақсы қарым-қатынас құра отырып ұрпақты жалпы адамзаттық құндылықтарды түсінуге жетелеу, өмірдің қыр-сырын таныту және жауапкершілікке, адалдыққа, ойшылдыққа, әдептілікке баулу болды. Мерекелік сайыс нәтижесінде белсенділік танытып, үздік өнер көрсеткен бүлдіршіндер арнайы сыйлықтармен марапатталды.

«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 75 рет