Түркістан облысы: мектеп оқушылары арасында «Ясауитану-2018» халықаралық байқауы басталды

Астана қаласының 20 жылдығы жəне «Əзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мəдени қорық-музейінің 40 жылдық мерейтойына орай мектеп оқушылары арасында Түркістан қаласында XXII «Ясауитану-2018» Халықаралық байқауы басталды. Сайысқа Өзбекстан, Түркия, Қырғызстан Республикаларынан, сондай-ақ еліміздің Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстарынан 41 оқушы қатысуда.

Түркістан облысы: Арыс қаласында «Сoworking» заманауи білім орталығы ашылды

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында «Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдардың бәсекелік қабілетіне айналады. Сондықтан әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек» деген болатын. Осы орайда Түркістан облысы Арыс қалалық «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мекемесі жанынан қала тұрғындары мен жастарға арналып «Сoworking» заманауи білім орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті. 

Түркістан облысы: «Таңбалы тастар – бабалар ізімен» атты экспедиция өңірдің тарихи жерлерін аралады

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Түркістан облысында "Таңбалы тастар - бабалар ізімен" атты экспедиция ұйымдастырылды. Жобаның мақсаты – Қазақстанның киелі жерлеріне енген өңірдегі 24 нысанды таныстыру әрі киелі өңірдің бай тарихы мен таңбалы тастарын насихаттау. Сонымен қатар, өңірге келетін қонақтар үшін жаңа туристік бағыттарды қалыптастыру.

Түркістан облысы: Жетісай ауданында 43 мыңнан астам оқушы үшін алғашқы қоңырау соғылды

Білім күні мерекесінде Жетісай ауданындағы 70 мектепте 43 мың 159 оқушының қатысуымен алғашқы қоңырау соғылды. Оның 3100-і 11-сыныптың, ал 9 мыңдайы 1-сыныптың табалдырығын аттап отыр. Сондай-ақ, 5634 педагог оқу-тәрбие жұмыстарына кірісті. 

Түркістан облысы: Келес ауданында алғашқы қоңырау соғылды

1 қыркүйек Білім күні мерекесінде аудандағы барлық мектептерде салтанатты жиындар өтіп, алғашқы қоңырау үні естілді. Жалпы, аудан бойынша 63 мектеп болса, 49-ы – жалпы орта мектеп, 9-ы –бастауыш, ал 5-і негізгі мектеп болып табылады. 2018-2019 жаңа оқу жылында 3206 бүлдіршін мектеп табалдырығын алғаш аттаса, 1772 оқушы 11-сыныпты бітіретіндер

Түркістан облысы: Жетісай ауданындағы ескі мектеп ғимараттары қайта құрылымдаудан өтпек

Жетісай ауданына қарасты Қызылқұм ауылдық округіндегі Ябек Есенбеков атындағы ескі мектеп алдағы уақытта 200-ге жуық оқушынының жазғы демалысын қамтамасыз ететін лагерге айналмақ. Ол үшін бір жылдан бері қолданыссыз жатқан мектепте барлық мүмкіндіктер бар.